І ТАРАУ. Қарым-қатынас дағдыларын және адамгершілік-ерік қасиеттерін дамытатын ойындар.
1-тақырып. Менің ақылды көмекшілерім (көз, құлақ, мұрын, ауыз, қол). Білім, икемділіктер, дағдылар: Сезім мүшелерінің қоршаған ортаны тануда, қоғамның дамуында атқаратын рөлін түсіну.
Сөздік: көз, құлақ, мұрын, ауыз, қол – сезім мүшелері.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: Сөз тіркестері мен сөйлемдерді құрастыру.
Дидактикалық ойындар: «Тамаша дорба», «Бұзылған телефон», «Жануарды таны».
Ойын материалы: жемістердің нақпішіндерінің жиынтығы (алма, алмұрт, банан, жүзім және т.б.) салынған «Тамаша дорба»; доптар және жануарлар дыбысын, көлік шуын, үй-тұрмыс заттарының дыбысын (ұйқыашар, телефон және құстар, жануарлар дауысы, жел шуы, жапырақтар сыбдыры және т.б. жазылған магнитофон) шығаратын т.б. ойын заттары.
2- тақырып. Ым және қимыл тілі. Шығармашылық ойындар:«Айна», «Ертегіні бейнеле» қойылымы (бір топ бейнелейді, екінші топ түсінік береді немесе дыбыстандырады), әдет-ғұрып ойындары: «Амандасу – қоштасу» (сөзсіз).
Білім, икемділіктер, дағдылар: Ым, қимылдың қатынастағы рөлімен танысу және олар арқылы ақпаратты жеткізе білу.
Сөздік: Ишарат қимылы – мимика, пантомимика.
Сөйлеу тілін дамыту: сөздерді дұрыс пайдалану, сөйлемдерді құрастыру.
Ойын материалы: әр түрлі ишараттар мен қимылдарды көрсетіп тұрған адамдар бейнеленген карточкалар.
3-тақырып. Сезім тілі Дидактикалық ойындар: «Пиктограммалар», «Тамаша дорба», «Көңіл-күйді таны», «Тәтті кәмпиттер» этюд-ойыны.
Білім, икемділіктер, дағдылар:сезім (эмоция) күйі: қуаныш, қайғы, таң қалу және т.б., адамның бет әлпеті арқылы оның сезім күйін түсіне білу, ниет білдіру, жағымды сезімнің пайда болуына түрткі болу.