Мақсаты:
Түзету – білімдік: Оқу арқылы кеңістікте бағдарлауды дамытып жетілдіру.
Түзету – дамытушылық: Көріп қабылдау сезімін және зейінін сонымен қатар ойындар арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
Түзету – тәрбиелік :Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Құрал - жабдықтар: Дәптер,қарындаш , өшіргіш, т.б.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушының оқу құралдарын тексеру. Зейінін сабаққа аудару.
2. Өткен сабақты қайталау.
Әртүрлі фигураларды көзбен көрсетіп , сызып шығу.
3.Негізгі бөлім:
Көзге арналған жаттығулар:
Көздің шаршағанын басады және қырағылығына әсер етеді. Әр қимылды бұлшық етті қатайтпай, көзді сығырайтпай, еркін, 5-6 реттен рахаттана орындаймыз.
Көзімді жәймен жұмамын
Жұмып қатты қысамын
Көзімді ашып, жыпылық қағып
Қабақты түйіп тұрамын
8 санын көзіңмен бірнеше рет жүргіз
Қолымды қатты ысумен
Қыздырып бір аламын
Жәй жұмылған көзімді
Алақанмен басамын
1,2,3,4 деп
Көзімді ашып аламын
Көзімізді қимылдата отырып айтамыз.
Оң құлағым қайдасың,
Сол құлағым қайдасың
Көре алмай сендерді
Қараймын алға мен енді
Ал енді қалам дәптерімізді аламыз да , тапсырмалар орындайық.
«Жаз да оқы»
Клетканың ортасына «Н» әріпін жазамыз. Оның оң жағына «А» әрпін, «Н» әріпінің сол жағына «А» әріпін жазамыз. Қандай сөз шықты? А Н А
Соңғы клеткаға «А» әріпін жазайық. Оның сол жағына «Л» әріпін, оның сол жағына «А» әріпін , оның сол жағына «Б» әріпін жаз да оқы. Б А Л А
Көзге арналған жаттығулар
Көзді жыпылықтату.Тез-тез кірпік қағамыз.
Сағаттағы цифрларды сағат тілі бойынша, одан кейін қарсы бағытта қарап шығамыз. (2 рет)
Екі көзімізбен бірге оң жақ иығымызға қараймызда, 5 секунд тұрамыз
Әдемі бір суретке немесе терезе сыртындағы көрініске байыппен назар аударыңыз. Көзіңізді 10-20 секундқа жабыңыз. Денеңізді еркін ұстап, жақсы тыныққаныңызды сезініңіз!
Достарыңызбен бөлісу: |