Ойынның сипаты



бет18/38
Дата01.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#485039
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
dip -basketbol-oyynynydagy-oyyndyq-areketterdin-adistemelik-negizderi-2015-61

3.3. Дене дайындығы

Заманауй баскетбол - бұл жоғары қимыл белсенділігімен, үлкен қысымдылығы ойын әрекетімен, ойыншыдан қызмет мүмкіндіктері мен жылдамдық күш сапаларын барынша жұмсауды талап етумен сипатталатын атлетикалық ойын.


Дене дайындығының міндеті - денсаулықты жан - жақты дамыту мен нығайту, баскетболшының қызмет мүмкіндіктері мен қимыл сапаларын арттыру. Спорттың басқа түрлеріндей баскетболда да дене дайындылығының бағдарламалық - мөлшерлік негізі Президенттік тест кешені болып табылады.
Дене дайындығы міндеттері дене тәрбиесі жүйесінің ортақ міндеттерінен туындап, спорт түрінің мамандық ерекшелігіне сай нақтыланады. Баскетболшының нақты дене дайындығы мына міндеттерді атқаруға бағытталған:

  1. Даму деңгейін арттыру мен ағзаның қызмет мүмкіндіктерін кеңейту

(қызметтік дайындық).

  1. Дене сапаларын тәрбиелеу (күщ, шапшаңдық, төзімділік иілгіштік және ептілік), Сондай-ақ, олармен байланысты ойын әрекетінің тиімділігін қамтамсыз ететін дене қабілеттері кешенін дамыту (секіргіштік, жылдамдық қабілеті,лақтыру қимылының қуаттылығы, ойын ептілігі мен төзімділігі - атлетикалық дайындық).

Бұл міндеттерді шешу жалпы және арнайы дене дайындығы барысында атқарылады.
Жалпы дене дайындығы баскетболшының жаң - жақты дамуын қамтиды және таңдалған спорт түрінен арнайы дене дапаларын әсерлі көрсету үшін алғышарттар құрады. Ол арнайы бағытта болуы тиіс, атап айтқанда: спортшы ағзасының мүшелері мен жүйелерін баскетбол талаптарына сай нығайту, жаттықтыру ықпалын дайындық жаттығуларынан негізгі қимылдарға ауыстыруға көмектесу.
Арнайы дене дайындығы баскетболшының қимыл қабілеттерін қалыптастыруда негізгі роль атқарады және ойынның әдіс - тәсілдерімен жарыс жүктемелерінің көрсеткішімен психологиялық толқумен тығыз байланыста болады. Ол ойыншының бұл дағдыларды жарыс жағдайында пайдалану сипаты мен жағдайы есебінен баскетболдағы білік пен дағдыны меңгерумен және жетілдірумен тығыз байланыста іске асырылады.
Баскетболшының дене дайындығының жоғары емес деңгейі оның әдіс - тәсілдік қорын меңгеру мен оны жетілдірудегі қабілетін көрсетеді. Мысалы, секіргіштігі жақсы дамымаған баскетболшы секіре доп салудың замануй әдісін меңгере алмайды және қалқан астындағы доп үшін тартысқа қатыса алмайды. Ойыншылары баяу қимылдайтын команда тез топжаруды, прессингті әсерлі қолдана алмайды, т.б.
Жалпы және арнайы дене дайындығы өзара байланысты және бір - бірін толықтырып отырады. Бір жағынан дайындықтың бұл түрлері ойын ерекшелігіне тәуелді, екінші жағынан баскетболшының жарыстағы әрекетінің шынайы мүмкіндіктерін анықтайды. Сондай-ақ, ойыншының дене дайындығының жеткілікті жоғары деңгейі психологиялық тұрғыдан маңызды болып табылатынын атап айту қажет, атап айтқанда: күресте сенімділік береді, қиын жағдайларда өте жоғары ерік сапасын көрсетуге мүмкіндік береді.
Баскетболшының қызмет мүмкіндіктері оның дене дайындығының негізін құрайды. Оның даму деңгейі спорттық жұмыс қабілетін яғни ойыншының тұрақты даму үшін жеткілікті, ұзақ уақыт барысында өзіне арнайы ерекше жұмысты атқару қабілетінде нақты көрінеді.
Жұмыс қабілеті ең алдымен ағзаның биохимиялық табиғаты бойынша екі бөлек интегративтік қасиеттері - аэробтың және анаэробтық өнімділіктен көрінеді (яғни, бұлшықеттің оттегімен толық немесе жеткіліксіз қамтылуы). Жекелеген кезеңдерде жаттықтыруды құруда дене жаттығуларының спортшы ағзасының қызметтік дамуына әсер ету деңгейін ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет