Жеке әрекеттерді меңгеру және солар арқылы жетілу. Алғашқыда негізінен шабуылдағы жеке іс - әрекетке назар аударылады. Оларды меңгеру мынадай бірізділікте жүргізіледі:
Қорғаушы бақылауынан босап, бос орынға шығу.
Допты қағып алу және беру амалдарын пайдалану.
Жүргізу мен алдап өтуді пайдалану.
Әдістер мен финттерді алаңдағы таңдаған орына қарай үйлестіріп пайдалану.
Қорғаныстағы жеке қимылдарды меңгеру шабуылдағы жеке қимылдарды үйренумен қатар жүреді,онда жаттықтырушы жаттығуға қорғаушының белсенді қарсылығын игереді немесе оқу ойындарында ойын жаттығуларына өтуді дұрыс деп шешеді.
Топтық іс - әрекеттерді меңгеру және солар арқылы жетілдіру. Белгілі болғанындай, баскетболдағы топтық қимылдардың негізін қорғаныс пен шабуылда екі - үш ойыншының өзара әрекетінің типтік әдістері құрайды. Шабуылдағы өзара іс - әрекетті меңгерудің төмендегіше әдістемелік бірізділігі ұсынылады:
«Допты бер де, шық » - екі ойыншының өзара әрекеті.
«Үшбұрыш »түрінде үш ойыншынын өзара іс - қимылы
Тосқауыл (Ішкі және сыртқы)
Бір әріптесіне жалғастыра доп беру
«Үштік»
Ауысу
«Кіші сегіздік»
«Айқаса шығу»
Қозғалыстағы тосқауыл
«Екі еселенген тосқауыл» және «екі ойыншыға жалғастыра доп беру»
Ойыншыларды орналастырудың қарапайым схемалары мен олардың қозғалысын бастапқы сатыда меңгеру, өзара іс - қимылдың көрсетілген әдістеріне тән етіп, әдіс амалдарымен және финттермен үйлестіре жаттығу жүргізеді. Сосын, ойыншылардың алаңдағы орындары мен атқаратын ойын қызметтерінен құрылуына қарай арнайы тәсілдік жаттығуларды пайдаланады. Қорытындыда ойыншылар команданың таңдаған тұрыстық шабуыл мен негізгі тәсілдік айла - шарғылар схемасына сәйкес жағдайларда өзара іс - қимыл үйлесімдерін меңгереді.
Оқушылар іс - қимылдың және өзара іс- қимылдың мазмұнын, бірізділігін меңгеріп болған соң, жаттығуларға қосымша қорғаушыларды ендіру қажет. Қатысушылар саны теңестіріліп, жаттғулар қорғаушылардың әлсіз қарсылығымен жалғасады, ол сақтандырусыз және ауысусыз тек «өз» ойыншыларын бақылаумен шектеледі. Сосын қорғаушыларға шабуылдағыларға белсенді қарсылық көрсетуге тапсырма беріледі.
Шабуыл мен қорғаныстағы екі - үш ойыншының өзара іс -қимылын одан ары жетілдіруді алаңның бір бөлігінде және оқу ойындарында 2х2 және 3х3 ойын жаттығуларында жүргізіледі. Жаттығуларға ойыншыларға үйренге өзара іс - қимылын батыл пайдалануға көмектесетін қосымша жағдайлар ендіру керек. Егер бұндай іс - қимыл шығыршыққа нәтижелі доп салумен аяқталса, онда шабуылшы жаққа әдеттегідей екі ұпай емес, үш немсе төрт ұпай есептеп, допты шабулдаушыларда қалдыруға болады, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |