Ойынның сипаты


Иілгіштікті тәрбиелеу және тыныға білу



бет23/38
Дата01.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#485039
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
dip -basketbol-oyynynydagy-oyyndyq-areketterdin-adistemelik-negizderi-2015-61

Иілгіштікті тәрбиелеу және тыныға білу. «Иілгіштік» ұғымы тірек - қимыл аппаратының морфоқызметтік қасиеттерін бейнелейді, ол оның топтарының қозғалғыштық деңгейін анықтайды. Баскетболшының қимылды үлкен құлашпен орындау қабілеті көп жағдайда әдіс амалдарын жеңіл және еркін орындауды, олардың шапшаңдығы мен дәлдігін анықтайды. Иілгіштікті дамыту деңгейінің өлшемі қимылдың ең жоғарғы құлашы болып табылады. Қимыл құлашы буындардың қозғалғыштығына бұлшықеттердің, сіңір мен қоспалардың икемділігіне, бұлшықет күшіне, Сондай-ақ, орталық жүйке жүйесі жағдайына байланысты болады.
Баскетболшының иілгіштігін дамытудың негізгі міндеттері бұл сапаны баскетбол талаптарына сай жетілдіру. Бірінші кезекте балтыр табанжәне білезік - қоспа буындары қозғалтқыштығының ұлғаюына назар аудару керек.
Иілгіштікке арналған жаттығуларды пайдалануда басты әдіс - қайталау әдісі. Баскетболшылардағы тынығу қабілеті доп салу және лақтыру қимылдарына сәйкес дамытылуы тиіс. Иық белдеуінің, білезіктің, арқаның бұлшықеттер жиырылуы қимыл әдісін меңгеруді қиындатып, оның өзгергіштігі мен әсерін шектейді. Жұмсақтық еркіндік пен айлакерлік баскетболшыға секіруде, әсіресе ойыншы белсенді қайталау әрекетіне дайындалған сәтте қонуда өте қажет.Жоғары дәрежелі баскетболшылар әдетте тынығу өнерін біледі, әдістерді бұлшықеттің тиімді қозғалысын қамтамасыз ету үшін, қалғандарын тиімді тынықтырып, тек қажеттісін ғана белсенді жұмысқа кірістіріп, жеңіл және еркін орындайды.
Тыныға білуді меңгеру үшін орындалуында алаңға қатынасы бойынша өте жоғары қалыпта тұрған дененің жеке бөліктері түгелдей пайдаланылатын және орындалуы дене салмағының орташалығын ауыстырумен байланысты жаттығулар қолданылады.
Ойын әрекеттерін қамтамасыз ететін бұлшықеттің негізгі топтарын тынықтыра білу баскетболшыларда төмендегі жаттығулар көмегімен қалыптасады:

  • қолдың түрлі бастапқы қалыптарында білезікті сілкілеу;

  • тұлғаны оңға және солға бұрып, қолды еркін түсіріп сермеу;

  • бір орынында секіру немесе қолды еркін түсіріп тынықтыратын жүгіру;

  • дене салмағын кезегімен бір аяқтан келесісіне түсіру, еркін аяқтың тізесін тез бүгіп, аяқ ұшын еденнен ажыратпай;

  • санды, екі қолмен түсіру және көтеру (балтыр мен табан еркін);

  • еркін аяқты еркін тербелтіп, бір аяқпен орынында секіру;

  • қол еркін түсілген, тұлғаны алға иіп, тынықтыра сілку.

Тыныға білуді жетілдіру үшін психореттеуші жаттықтыру табысты қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет