Ойынның сипаты



бет25/38
Дата01.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#485039
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38
dip -basketbol-oyynynydagy-oyyndyq-areketterdin-adistemelik-negizderi-2015-61

3.5. Тәсілдік дайындық

Баскетболшылардың тәсілдік дайындығы спорт жекпе - жегін жүргізу өнерін меңгеруді білдіреді. Ол спортшының туындаған жарыс жағдайын тез әрі дұрыс талдау қабілетіне, осы тәсілдік міндеттің тиімді шешімін тауып, оны әріптестерінен бірлесіп шеше білуіне сүйенеді.


Тәсілдік дайындық үшін ілімдік негіз қалау барысында спортшының өзіндік жұмысының барлық түрін пайдалану керек. Баскетболшы төрелілік ерекшелігі мен жарыс ережелерін зерттеп, жеке өзінің жарыстық тәжірибесін мұқият талдауға үйренуі тиіс. Демек, баскетболшының оқу - жаттықтыру жұмыстарындағы жеке күнделігінің жазбаларын талқылау спорт нәтижелерінің күрт өсуінің немесе төмендеуінің себептерін табуға, тәсілдік дайындық ерекшеліктерін түрлі сатыларға қойып салыстырып, қажетті қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Баскетболшыға нақты жарысқа қатысуындағы, тәсілдік жоспарды (немесе бүкіл команданың қатысуы) өзінше құру кезңмен тапсырылып отыруы қажет.
Бұндай жоспар құруда спортшы спорт күресін жүргізудің құралдары, түрлері мен әдістері туралы жинақтаған білетін, қарсыласы туралы мәліметтерін пайдаланады. Матчтан соң ойыншылар жаттықтырушысымен бірге жарыстың барысында әрекеттермен өз жоспарларын салыстырып, тәсілдік дайындықты одан ары жетілдіру жолдарын бергілейді.
Тәсілдік дайындықта өзара байланысты әдістемелік төрт міндет айқын қойылады:

  1. Оқушыларда күрделі такциялар шапшаңдығын, зейінділікті, бағдарлауды, танымдылықты, шығармашылық бастамашылықты дамыту.

  2. Шабуыл мен қорғаныстағы командалық қимылдардың негізгі жүйелерін, әріптестерімен типтік өзара байланыс әрекеті мен жеке қимылдарды меңгеру.

  3. Оқушыларда өз күштерін мүмкіндіктерін, сыртқы әсерлер мен қарсылас кедергінің ерекшеліктерін ескеріп, ойын құралдары мен тәсілдік материалдардан үйренгенін әсерлі пайдалана білуді қалыптастыру.

  4. Матч барысында қабілеттерді дамыту бір командалық жүйе мен қимылдан екіншісіне өтеді.

Егер алғашқы екі міндет ойын тәсілдерін меңгерудің алғашқы сатысына тура келсе, онда қалған екеуі жетілдірудің қалған ұзақ жылдар бойында шешімін табады.
Күрделі реакцияларға шапшаңдықты, уақытты сезінуін, бағдарлауын, тануын дамытудың алғашқы сатыларында дене және әдістік дайындықтар міндеттері мен табиғи байланыста атқарылады. Осы мақсатта жаттығуларға қосымша шарттар мен бірқатар күрделендіру ендіріледі:

  • ойыншылар қандай да бір қимылын тез өзгертіп немесе тежеу үшін алдын ала келісілген әдіспен дыбыстық немесе көру белгілерін қолданады;

  • доптар санын, заттық бағдарлар мен шектеулердің (уақыт пен кеңістікке қарай) санын көбейтеді;

  • әріптесінің қимыл сипатына қарай баскетболшы орынын ауыстырып, жүгіру бағытын таңдағанда, өте күрделірек ауысуды пайдаланады;

  • шартты қарсыласының сылбыр және белсенді қарсылығын қолданады.

Қосымша жағдайлар мен күрделендірулер әдіс амалдарының негізі болатын дене сапаларының дамуына немесе қимыл дағдыларының қалыптасуына кері әсер етпеуін есте ұстау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет