Зерттелу деңгейі. Оқу барысында студенттер мамандандыру бойынша дайындалған курстық және дипломдық жұмыстарын қорғайды. Студенттер курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарымен жұмыс істей отырып, материалды терең оқудан басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарының жеңіл әдістерін, алынған нәтижелерді талдау біліктіліктерін меңгереді және соның негізінде тиісті қорытындылар мен тәжірибелік нұсқаулар жасауға үйренеді.
Болашақ мамандарды дене мәдениеті мен спорт бойынша теориялық дайындауда маңызды орында олардың ғылыми-зерттеу жұмысында белсенділік көрсетуі. Студенттер ғылыми үйірмелерге қатысып, кафедрадағы ғылыми жұмыстар тақырыбы бойынша тапсырма орындауы керек.
Сонымен қатар студенттер оқу барысында жарыстар мен сабақтарға спорттық құрал-жабдықтарды дайындауды, спорт алаңдарын дайындауды үйренуге міндетті.
Студенттердің үлгерімін есепке алу, жоғарғы оқу орны белгілеген мерзімде екі шектік бақылау және емтихандар түрінде жүргізіледі. әр семестрде мамандандыру пәндерінің атаулары қайталанбайды. Семестрде алған білім емтихан түрінде бағаланады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дене мәдениеті және спорт бойынша әртүрлі құрылымдық мекемелерге студенттерді баскетболдан кәсіби-педагогикалық жаттықтырушылық және ұйымдастыру жұмыстарына дайындау.
Жұмыстың тапсырмалары:
- Спорттық машықтанудың ілімі, әдістемесі мен тәжірибесі бойынша білім беру;
- Баскетболдан оқыту әдістемесінде және баскетбол ойынының техникалық элементтерін ұтымды орындауда дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру;
- Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және спорттық құрылыстарды, спортшының сыртқы пішіні мен спорттың киімін ұқыпты ұстаудың гигиеналық нормаларымен таныстыру және оларды орындауда дағдыны қалыптастыру;
- Әртүрлі ойын жүйесі мен ойын сәттері кезінде, ойыншылардың алаңдағы тактикалық өзара әрекеттестігіне байланысты (бойынша) дағдыны қалыптастыру және білім беру;
- Оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастыру және жоспарлау бойынша біліктілікті қалыптастыру;
- Студенттерді әртүрлі жастағы топтармен жұмыс істеуге ауызша және тәжірибе жүзінде дайындау;
- Спорттың дайындықты басқару, бақылаудың әдістемелік негіздері және ғылыми-зерпттеу жұмыстары бойынша дағдыларды қалыптастыру.
Оқу барысында баскетбол саласындағы болашақ маманға мынадай біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру қажет.
1. Баскетболшыларды дайындаудағы спорттық машықтанудың ілімдік, әдістемелік және тәжірибелік негіздерін білу.
2. Дене жүктемелеріне бейімделу және жекелей ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі топтарындағы баскетболшылардың спорттық дайындықтарын басқару әдістемелерін және құралдарын меңгеру.
3. Жарыс ережесін білу, төрешілік ету дағдыларын игеру.
4. Баскетбол ойынының техника-тактикалық тәсілдерін игеру және төртінші курста жоғарғы шеберлікке жету.
5. Әртүрлі спорттық дәрежедегі спортшылар үшін машықтану процесін құру, үйрету әдістемесін игеру (микро-, мезо-, макроциклдерді құру).
6. Команданы басқару, ғылыми-зерттеу жұмыстарына байланысты және спорттық дайныдық деңгейін бақылауға байланысты дағдыларды игеру.
Достарыңызбен бөлісу: |