Бағдарлама мақсаты:
- оқушылардың санасында графикалық кескіндер бейнесін қалыптас-
тыру;
- іс-әрекет құралы ретінде компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін жетіл
діру;
-компьютерді практикада тек тиімді пайдалана білулерін қалыптастыру.
- компьютерлік графикамен жұмыс жасай білулерін қамтамасыз ету.
-қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынмен дамып келе
жатқан қоғамда кәсіби маман болып қалыптасуына бағыт-бағдар беру.
Бағдарлама міндеті:
графикалық кескіндерді сақтау және тұрғызу принциптеріне түсінік қалыптастыру
түрлі графикалық программаларда пайдалана білу;
- компьютерлік графика негізін әр түрлі графикалық программаларда
қолдана білу
- графикалық программалар құралдарын пайдаланып оқушыларды өз-
дерінің жеке кескін жұмыстарын құру және редакторлеу үйрету.
- әр түрлі программалар арасында графикалық кескіндер туралы мәлі-
меттер алмаса алуға үйрету.
компьютер экранындағы кескіндерді растрлық және векторлық редакторлар арқылы өңдеуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті,барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп,алған білімдерін өмірде кесдескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.
Компьютерлік графикамен жұмыс жасай алады.
Компьютерді практикада тиімді пайдаланады.
Компьютер экранындағы кескіндерді растрлық және векторлық редакторлар арқылы өңдейді.
Оқушылар санасында графикалық кескіндер бейнесі қалыптасады.
Оқушылардың білім – білік дағдысына қойылатын талаптар:
Оқушы нені білуі керек:
- Графика ұғымын сипаттай және талдай білу;
- Векторлық және растрлық графиканы сипаттай білу;
- CorelDraw бағдарламасының құралдар мен командаларын қолдана білу;
Оқушы нені үйрену керек:
- CorelDraw бағдарламасында қарапайым суреттерді өңдеуді;
- Бағдарламаның командаларымен жұмыс жасауды;
- коллаж жасауды;
- Фильтр командаларымен жұмыс жасауды;
- CorelDraw бағдарламасын пайдаланып шығармашылық жұмыс жасай
білу;
Достарыңызбен бөлісу: |