Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы


Жамбас-сан буынына пункция жасау



бет50/55
Дата16.02.2024
өлшемі109.67 Kb.
#492185
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Қайырбекова Қ.Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы

Жамбас-сан буынына пункция жасау
Инені үлкен ұршықтың үстіндегі нүктеге теріге тік қадайды. Инені фронталды жазықтықта енгізеді.
Тізе буынына пункция жасау
Тізе тобығының ортасының деңгейінде ішкі және сыртқы жағынан инені кіргізеді. Инені теріге тік енгізеді. Жоғарғы қайырылымда сұйықтық жиналса тізе тобығының жоғарғы жиегінен теседі.


Ампутация және экзартикуляция
Хирург аяққа ампутация жасағанда кесіндінің тірекке қабілеттілігін сақтаумен күреседі, ол үшін кесіндіні дұрыс кесіп, сүйекті жақсылап тазалап және операциядан кейінгі тәртіпті сақтаумен күреседі. Аяқталған саусақтарын жеке-жеке бөліп алмайды, өйткені саусақтардың сыртқа қарай қозғалғанда аяқ-киім киуге кедергі жасайды.
Саусақтарды жеке-жеке бөлгенде І және V саусаққа Фарабеф әдісін және ІІ, ІІІ, І V саусаққа Люпп әдісін қолданады.


Гаранжо бойынша аяқтың барлық саусақтарын бөліп алып тастау
Көрсеткіштері: Аяқтың барлық саусақтары травмалық зақымдалғанда немесе үсігенде жасайды.

  1. Жұмсақ ұлпаларды табан жағынан табан-саусақ қатпарынан сүйектерге дейін кеседі. І метатарзальды сүйектердің басын жабу үшін, артық жұмсақ ұлпалар болу үшін, бас бармақ аймағынан алдыңғы жағынан бірнеше тілік жасайды. 2. Аяқтың сыртынан тілікті сүйекке дейін кеседі. Саусақтар арасындағы терінің жиырылуынан және саусақтың сыртында тілік болғандықтан оның пішіні «фестон» /ирек-ироек ою сияқты/ сияқты болады. 3. І және V метатарзальды сүйектердің бойымен аяқ басының бүйір жиегінен ұзынша етіп қосымша тілік жүргізеді, оны І және V саусақтардың метатарзо-фалангиальды буынын ашу мақсатпен. 4. Пинцетпен скальпельдің көмегімен метатарзальды сүйектердің басына дейін табан және аяқ сыртынан кесіндіні бөледі. 5. ассистент өткір ілмектермен кесінділерді ығыстырады, ал хирург алып тастайтын саусақтарды бос қолымен ұстап, солдан оңғы қарай бүгіп буынды ашуды бастайды, бұл кезде бүккіш бұлшық еттің сіңірлерін және бүйір байламдарды кеседі. 6. Буын қапшығының табан бөлігін кесіп және сол жақтан бастап саусақтардың хирургтің сол қолында болғанша, саусақ аралық қатпарлардан ажыратпай, саусақты бөліп алады. 7. AA. Digitales communis-ті байлайды. 8. метатарзальды сүйектердің басының буынды бетінің шеміршегін Люэр және Листон қысқыштарының көмегімен алады. 9. Теріге тігіс салады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет