Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы


Бир бойынша сүйекті-пластикалық ампутация



бет53/55
Дата16.02.2024
өлшемі109.67 Kb.
#492185
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Қайырбекова Қ.Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы

Бир бойынша сүйекті-пластикалық ампутация
Бұл операцияда да басқа операциялар сияқты толық асептиканы сақтауды талап етеді.

  1. Теріні тіл тәрізді ұзындығы балтырдың көлеміне тең, сүйек кесілген деңгейге жиырылуына 2 см қосып, оның ішкі жиегі tibiae-ның артқы-ішкі жиегінен 3 см ішкері, ал сыртқы жиегі-crista tibiae-дан 3 см ішкері етіп кеседі. 2. кесінді екі жағынан асықты жіліктің алдыңғы –ішкі қырына дейін кесіп алады. 3. Доғалы арамен шетінен бастап ортасына қарай сүйек жапырақшасын қалыңдығы 0,2 см және ұзындығы 6 см етіп аралайды. 4. Кесілген жердегі саңлауға қашауды енгізіп сүйек жапырақшасын абайлап сындырады. Оның неігізін бас бармақпен бекітеді. 5. Пайда болған тері-сүйек кесіндісін жоғары көтереді. 6. Негізінен 3-4 см төмен терінің артқы кесіндісін кеседі. Терінің жиырылған жерінен жұмсақ тканьдерді дөңгелек етіп кеседі және linteum bicissum көмегімен оны жоғары көтеріп қояды. 7. Кесілген жапырақшаның негізі деңгейінен балтыр сүйектерін аралайды, оның бөлігін Люэр қысқышымен тістелеп кеседі. Crisrae tibiae-ның өткір жиектерін тегістейді. 8. A. tibialis anterior, a. tibialis posterior және a. peronea-ні байлайды. Жүйкелерді бритвамен кесіп үзеді. 9. Сүйек жапырақшасы балтыр сүйегінің сынығына жабысып жататындай етіп тері-сүйек кесіндісін жауып және тігіп бекітеді. 10. Теріге тігіс салады.

Гритти- Стокс бойынша сүйекті-пластикалық ампутация жасау
Операция Карден әдісімен екі кесінділі болып жасалады. Алдыңғы кесіндінің ұзындығы тізенің 2/3, артқысы 1/3 бөлігі болып табылады. Терінің жиырылуына алдыңғы кесіндісіне 3 см, ал артқысына -4 см қосады.

  1. Теріні, тері асты клетчаткасын және беткі шандырды ортан жіліктің ішкі айдаршығынан бастап асықты жіліктің ішкі жиегінен 2 см артынан, оған қатар төменге қарай тігіп, сосын тілікті қайтарып және tuberositas tibiae-дан 4 см төмен көлденең тілік жасай жалғастырады, сосын асықты жіліктің шыбығына дейін жүргізеді. Бұл жерде тілік тағы да жоғарғы жағынан қайырылып және ортан жіліктің сыртқы айдаршығынан аяқталады. 2. балтырдың артқы бетінің терісін алдыңғы кесіндінің ортасының деңгейінде көлденең тілікпен тігеді. 3. Ал кесіндіні тесіп және tuberositas tibiae-дан біршама жоғары Lig. patellare propri-ді кеседі. Соңғысын өткір ілмекпен ұстап және кесіндімен бірге жоғары көтереді. 4. буынның қуысын ашып бүйірлік байламдарды, крест тәрізді байламды, Lig. alaria-ді , тізе буыны қабығының артқы бөлігін және тері тілігінің деңгейінде тізенің артқы бетінің жұмсақ тканьдерін кеседі. Балтырды алып тастайды. 5. Тізе буынының жоғарғы қайырылымының бүйір қабырғалары кесіп тастайды, ал алдыңғы кесіндінің /тізе тобығы жатқан/ ішкі бетін алға қарай ауыстырады. 6. Оллье сүйекті қысқыштармен patellae-ның шеміршекті бетін ұстап тұрып аралайды. 7. Ортан жіліктің айдаршығын жұмсақ тканьдерден босатады /ажыратады/. Бұл кезде planum popliteum-де орналасқан, а. және v. poplitea-ны зақымдап алмауға тырысу керек. 8. Жұмсақ ұлпаларды распатормен ығыстырып және Фарабеф қысқышымен ортан жіліктің ішкі айдаршығын ұстап, айдаршық үстінен көлденең бағытпен эпифизді аралап кеседі. 9. А. және v. poplitea-ны байлайды. N. ischiadicus-ті жоғарырақтан бритвамен кесіп үзеді. 10. Тізе тобығын алдыңғы кесіндімен бірге ортан жіліктің кесілген жеріне әкеліп жауып және бірнеше сүйек үсті тігісімен бекітеді. Теріге тігіс салады және жараның бұрышына дренаж қояды. 11. M. guadricipitis-тің тартылу күшінен patellae-ның сырғып кетпеуі үшін, сүйек сүйегі пайда бола бастағанда patellae-ны шегемен бекітеді. Осы мақсатпен Альбрехт модификациясы ұсынылған. Тізе тобығын аралағанда тегіс болмайды, ал ортан жіліктің сүйекті-ми қуысында қадалған шип қалады. Операциядан кейін patellae –ның кесіндісінің тірегі болып табылады және пателляр кілегейлі сөмкесінің алдыңғы бурситті байқалады. Бұл операцияға кейбіреулер Сабанаев модифкциясын қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет