Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы


Беткі алақан доғасын байлау



бет26/85
Дата02.01.2022
өлшемі0.49 Mb.
#452250
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85
Қайырбекова Қ.Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы

Беткі алақан доғасын байлау

Алақанның диогоналды ұзындығы бойынша, яғни бұршақ тәрізді сүйекпен екінші саусақтың алақан-саусақ қатпарының сыртқы соңын қосатын сызық бойынша кесу жүргізіледі /Шевкуненко әдісі/.



  1. Теріні кесу айтылған сызықтың ортаңғы үштен бір бөлігінде, жайылған білезік бойынша 3-4 см ұзындықта кесіледі.

  2. Алақан апоенврозы терімен дәнекер тканьді бөлгіштермен тығыз байланысқан, оны тауып науа тәрізді зонд бойымен алақан доғасын зақымдап алмас үшін кеседі.


Жүйке бағаналарына жететін жолдар. Иықта n. Radialis-ті ашу

Көбінесе жүйкені иықтың артқы бүйір бетіндегі өзекте ашады. Бұл жерде жиі иық сүйегі сынғандағы сынықтармен және өсіп келе жатқан сүйелдерінің қуысынан зақымдалуы мүмкін.

Кесуді жүргізетін жүйкенің кескіні sulci bicipitalis lateralis-тің артқы жиегінің ортағын қосатын сызық бойынша немесе иықтың төменгі үштен бір бөлігінде жүйке иық сүйегінің ішкі бетінде жатады және оны артқы тілікпен кесу мүмкін болмайды.

Теріні және тері асты клетчаткасын кескен соң, m. triceps brachii-ті жауып m. deltoidei-тің үстінен өтетін шандырды кеседі. M. tricipitis brachii-дің қарыншаларының арасынан кеңістікті оңай табады: caput longum-артынан, caput laterale-алдынан. Осы кенңістікті қолға алып пышақпен үш басты бұлшық еттің қарыншасын жараның бойымен сүйектің бағытымен кеседі және оның соңын ілмекпен созады. Жолында кездескен a. profundae brachii-дің тармақтарын лигатурамен байлау керек, жүйкені табуға n. radialis n. cutaneus antibrachii dorsal-тің ірі тармақтары көмектеседі. Соңғысы жараның түбінде, сүйектің үстінде жатады, оны жұқа шандырлы қынап жауып жатады. Жүйкені ашу және оны жарақаттанған жерден бөліп алу, сау бөліктен басталады. Жарақаттанған жерден жүйкені орталықтан және шеттен тапқанда ғана бірте-бірте препараттап және оны жарақаттанған жерге бағыттай тыртықтан бөліп алады.


Білекте n. medianus-ты ашу

N. medianus білек шынтақ иірімінің ортасынан екі біз тәрізді өсіндінің арасындағы қашықтықтың ортасына дейінгі сызықтан 1 см ішке қарай өтеді және бірігулердің беткі және терең қатпарларының арасында m. pronator teres –ті тесіп өтеді. Оны білектің төменгі бөлігінде m. flexoria digitorium sublimis пен m. flexor carpi radialis-тің сіңірлерінің арасындағы кескінді сызық бойынша ашады. Беткі қабаттарды кесіп ашқан соң, науа тәрізді зондпен білектің жұқа шандырын ашады және егер m. palmares longi-дің сіңірі болса, оны сол жаққа қарай ығыстырады. Радикальды жиегінен m. flexoris digitorium sublimis сіңірлерін Фарабеф қысқышымен қсып кішкене көтеріп және ішке қарай ығыстырады. Терең бүккіш бұлшық еттері қабаты ашылады және оның үстінде n. medianus жұқа клетчаткасымен көрінеді. Оны сіңірден ажырату үшін, ол бөлек жалғыз жату керек және жұқа май клетчаткамен қапталған және матовой бетте жату керек /түрі піл сүйегінің түріндей/. Егер жүйке білезік аймағында зақымдалса, оның үзілген соңы алыс карпальды өзекте кетеді. Бұл жағдайда жүйкені ашу үшін тілікті саусақтарға дейін ұзартып және Lig. Carpi transversum-ді кесіп тастайды. Сонда беткі бүккіш бұлшық еттердің сіңірі ашылады, ал олардың артында- n. medianus жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет