Буындарға жасалатын операциялар
Буынға пункция жасау
Буынға пункцияны диагностикалық және емдеу мақсатымен жасайды. Ең бірінші буын қуысынан сұйықтықты алып, оның құрамын анқтайды.
Емдеу әдісі патологиялық құрамын алу үшін, немесе дәріні енгіу үшін пункция жасайды. Буынға пункция жасау:
Операция жасалатын орынды дайындағанда және операцияны жасағанда асептиканы сақөтау керек, өйткені буын қуысына инфекция түсуі мүмкін. 2. Уколдың орына анестезия жасайды. 3. Ине кіргізетін нүктені анықтап, хирург теріні ығыстырып және инені /бір типті/ немесе терінің үстіне трокарды тік қадайды. Хирург инені қадаған кезде тканьдер кедергі жасайды, иненің ұшы тұрған орынды нысаналайды. Ең бірінші инеге кедергі теріні тескенде және екінші-буын сөмкесін тескенде кездеседі. Қуысқа иненің кіргендігін инеден шыққан сұйықтықтан біледі. Буынға пункция жасағанда буын бетін жауып тұратын шеміршекті зақмдамауға тырысу керек. 4. керекті манипуляциядан кейін инені алып тастайды, теріні тескеннен бұрынғы ығыстырылған жерінен орынан әкеліп өзегін жабады. 5. ине қадалған жерге иод жағып коллоидпен жапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |