Жамбас-сан буынына пункция жасау
Инені үлкен ұршықтың үстіндегі нүктеге теріге тік қадайды. Инені фронталды жазықтықта енгізеді.
Тізе буынына пункция жасау
Тізе тобығының ортасының деңгейінде ішкі және сыртқы жағынан инені кіргізеді. Инені теріге тік енгізеді. Жоғарғы қайырылымда сұйықтық жиналса тізе тобығының жоғарғы жиегінен теседі.
Ампутация және экзартикуляция
Хирург аяққа ампутация жасағанда кесіндінің тірекке қабілеттілігін сақтаумен күреседі, ол үшін кесіндіні дұрыс кесіп, сүйекті жақсылап тазалап және операциядан кейінгі тәртіпті сақтаумен күреседі. Аяқталған саусақтарын жеке-жеке бөліп алмайды, өйткені саусақтардың сыртқа қарай қозғалғанда аяқ-киім киуге кедергі жасайды.
Саусақтарды жеке-жеке бөлгенде І және V саусаққа Фарабеф әдісін және ІІ, ІІІ, І V саусаққа Люпп әдісін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |