14
Мұндағы
«биік» деген сөзі дыбыстың құбылуымен «бек», «бегі» болып өзгерген. Ал
«аз» сөзі сол жерде мекен еткен тайпаның аты».
Біздің
байқауымызша, тіліміздегі
«биік» сөзі
көне түркі
тіліндегі begik (Древнетюркский
словарь, 1969, 91) сөзінен өзгеріп қалыптасқан. Ол
сөз әзербайжанша
boiuk – «үлкен, ұлы, зор»;
түркм.
beguk – «жота, төбе», «құм жоталарының
қыры, биігі»; тува
beguk – “тау”; хак.
позак –
“биіктік”, “биік”; қырғ.
бийк – “жоғары”, “биік”;
түрік. b
мәнге ие. (Мурзаев, 1984, 78).
Бұл нақтылы дәлелдерге қарағанда, «Бегазы»
топонимінің бег компоненті (сыңары) – «биік»,
«үлкен», «зор» деген мағына білдіретіні анықтала түседі. Ал
оның екінші сыңарындағы
«азы» көне түркі этнонимі «аз» <(һаз) дегенге жанаспайтын сияқты. Өйткені көне түркі
тілдерінде, тіптен қазіргі шығыс түркі тілдерінде (алтай, хакас, тува)
«азых» – «асу»,
«бел», «ашық алаңқай», «кең дала», «алқап» деген мағынаға ие. Демек, Бегазы
топонимінің екінші сыңарындағы
«азы» сол
«азых» сөзінің соңғы
х (ғ) дыбысын түсіріп,
қысқарған түрі деп білеміз. Олай болса, «Бегазы» топонимінің толық мағынасы: «биік, асу
үлкен тау».
Достарыңызбен бөлісу: