Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к


Қаражал – биік жал, өзен аттары. Сондай бір жал аты бойынша Қарағанды облысына  қарасты қала аты.  Қарасор



Pdf көрінісі
бет8/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
toponimkaz

Қаражал – биік жал, өзен аттары. Сондай бір жал аты бойынша Қарағанды облысына 
қарасты қала аты. 
Қарасор – Қарағанды облысындағы ащы-тұзды көл. Алабы 135 км2., тереңдігі 5 м-ге 
дейін. Қарасорға бірнеше өзен құяды. Ондағы рапа мен балшықтың емдік қасиеті аса 
күшті. 
Бұл көлдің аты тіліміздегі байырғы, төл сөзден жасалғандықтан, жалпы халыққа 
кеңінен түсінікті. 
«Қара» сөзі топонимдік атаулар жасауда жиі қолданылып, кейде өзінің тура 
мағынасында заттың түр-түсін білдірсе, кейде «үлкен, зор» деген мағынаны білдіреді. Ал 
атаудың екінші сыңарындағы сор сөзі – «жазда құрғап, ащы сорға айналатын кішкене 
тұзды көл; батпақты сор». 
Демек, Қарасор атауы «көлемі едәуір үлкен, суы аз, тұзды көл; батпақты, балшықты 
сор» дегенді білдіреді. 
Қоңырат – Қарағанды облысындағы қала аты. Бұл атаудың шығу төркіне тоқталсақ, 
халық аңызымен байланыстырады: «Ертеде бір байдың жүйрік тұлпар қоңыр аты болыпты. 
Жастайынан қорлық пен зорлыққа булыққан ер жігіт бір күні байдың тұлпарына мініп 
алып, бар жылқысын шөлге айдап қашады. Бай жан-жақтан қуғын шығарғанымен, 
жеткізбейді. Ақыры ол жапан түзде тұрған бір шоқыға жете бергенде, бірнеше күн отсыз, 
сусыз шапқан қоңыр ат мұрттай ұшады да содан қайтып басын көтермейді.Содан былай 
биік Қосшоқы Қоңырат атанып кетті», – деді. 
Халық аңызында жер-аты осылай аталса да, бұл атау жөнінде, А.Абдрахмановтың 
«…қоңырат этнонимі түркі сөзінен жазылғанын және өздері де түркі тайпасы екенін 
дәлелдейді» (А. Абдрахманов, Қазақстанның этнотопонимикасы, А.А. 1979, 117 б.), деген 
пікірі шындыққа келетін сияқты. 
 
 


11
Майқұдық – тұрғын аймағы. Көне түр. май және құдық сөздерінен қалыптасқан 
атау. «Май» тұлғалас тіркестер түркі тілдерінің көкке табыну дәстүрінен елес береді: қаз. 
«от ана, май ана», алт. «май эне», орхон жазбаларында «ұмай». Сонымен қатар, бұл сөз 
кезінде түркілер өздері ұмытып кеткен тасқа салынған таңбалар деген ұғымды білдіреді. 
Майқұдық «Киелі құдық» мәніндегі атау. 
Мыңарал – Балқаш көліндегі аралдың аты, темір жол стансасы. Екі түрлі версияда 
төркіндетіледі: 1) этнотопоним («мыңдардың аралы»); 2) географ. «архипелаг» мәніндегі 
атау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет