Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к


«Жауыртау» атаныпты дейді қыр аңызы.  Ер жігіттің атын арытқан Жауыртауды



Pdf көрінісі
бет7/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
toponimkaz

    Бұл бет үшін навигация:
  • Қазық
«Жауыртау» атаныпты дейді қыр аңызы. 
Ер жігіттің атын арытқан Жауыртауды казір Теміртау деп атайды. Халық жүрегінен 
шыққан атау өміршең болады. Шынында да Теміртау дегеніңіз – ел өміріндегі тарихи-
әлеуметтік өзгерістерімен біте қайнасқан атау. Теміртау десе Теміртау. Кәдуелгі «тау-тау 
темір» деген сөзден шыққан атау. Теміртау – 1945 жылға дейін Самарқант қалашығы 
аталып келіп, 1945 жылдың аяғында Теміртау қаласына айналған. Қарағанды облысына 
қарасты, Самарқант су қоймасының жағасындағы қала. Бұл жерде темір көп болғандықтан 
да Теміртау аталған. 
Жезқазған – қала аты. Жезқазған атауының құрамы екі сөзден жасалған. Оның бірі – 
жез, екіншісі – қазған. Осы қазған сөзін талдағанда: қаз деген етістікке есімшенің өткен 
шақтық - ған жұрнағы жалғану іс-әрекеттің болғандығын баяндайды. 
Қағыл – Қарағанды облысында Бас Қағыл, Орта Қағыл, Аяқ Қағыл деген тау аттары 
бар. Мұндағы Қағыл атауы қағу (жел қағу, желмен үрлеу) етістігіне зат есім жасайтын –ыл 
жұрнағы қосылу арқылы жасалған. 


10 
Қазық – Қарағанды облысындағы кіші-гірім төбешікті даланың аты. Көне түр. 
этнотопоним. Қаз этнониміне –ық қосымшасын жалғау арқылы жасалған атау. 
Қалмаққырған – ірі өзен. Тарихи деректерден қазақ жасақтарының жоңғар 
басқыншыларына 1728-29 жылдары ойсырата соққы бергені белгілі. Сол жылдардың 
куәсі, халықтың ұлт-азаттық күрестегі ерлік істерінің ескерткіші ретінде бұрынғы 
«Білеуті» өзені «Қалмаққырған» деген атқа ие болды 
Қарағанды – 1932 жылдан қала. Республикамыздың ауыр өнеркәсібін дамытуға 
өзіндік үлкен үлес қосып келе жатқан өркенді өнеркәсіпті қала. Қарағанды облысының 
әкімшілік орталығы. Осы облыстың Жаңаарқа ауданында тау, елді мекен, Ақтоғай, 
Ұлытау ауданында өзен де осылай аталады. 1833 жылы қазіргі Қарағандыдан 25 шақырым 
қашықтықта Нұра өзені бойынан Байжан қарттың Әппақ деген қойшы баласы тас көмір 
кесектерін тауып, бұл жердің «Қарағанды» атанғанына бірталай уақыт өтіпті. Бір кездері 
тек «Қараған» деп аталатын тікенек өсімдіктен басқа ештеңе өспейтін бұл өлкеден бүгінде 
қара алтынның «Қазыналы түбегі» Қарағанды қаласының заманымыздың дәулетіне сай 
сәулетті шаһарын көреміз. 
Атаудың мағынасы – «қараған қалың өскен жер». Қараған – өсімдік аты. Қараған 
сөзіне -ды қосымшасы жалғанған атау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет