Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к


Бегазы баурайындағы қола дәуіріндегі



Pdf көрінісі
бет12/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
toponimkaz

Бегазы баурайындағы қола дәуіріндегі 
қорым Қазақстан мемлекетінің 
бақылауында
Жәмші – Қарағанды облысының Ақтоғай, Шет аудандары жерінен Жәмші деп 
аталатын ұзындығы 117 км. өзен ағады. Ол Қызылтас тауының оңтүстік беткейінен 
басталып, Қарабұлақ мекені тұсында тартылып қалады. Бұл өзенді Жаман, Қарасай деп те 
атайды. Жәмші – Үш Оқтан тараған қазақтардың бір тайпасының аты. Оның есімі 
жоғарыда аталған өзенге және сол жердегі ауылға қойылған. 
Қараадыр – елді мекен. «Қара отты адыр» мағынасындағы атау. «Қалыңадыр» 
мағынасындағы да айтылуы ықтимал 
Қараменді – өзен. Ақтоғай ауданы арқылы басын Қиматас тауының оңтүстігіндегі 
бұлақтардан алып, Тоқырау өзеніне құяды. Ұзындығы – 79 км. Бұл өзен аты белгілі 
Қараменде руының атымен байланысты болу керек. 
Қызыларай – тау, елді мекен аты. Атау екі компонентен жасалған. Алғашқы сыңары 
тау түсін білдіреді, себебі тау, шың тастары қызғылт түсті болып келеді. Ал екінші сыңары 
арай // орой компоненті шын мағынасындағы монғол сөзі. Мұны монғолша-қазақша 
сөздіктегі «орой» сөзінің «таудың басы», «шыңы» мағынасында қолданылатыны да растай 
түседі. Демек, «Қызыларай» – «таудың қызыл түсті шыңы, биік жері» деген мағынаны 
білдіреді. 
Майлы – тау, Ақтоғай ауд., Қарағанды обл. Құрамындағы «май» сөзі бар жер-су 
аттары республикамызда көп кездеседі. Мәселен, Майлыбұлақ, Майөзек, Майтас, 
Майшөп, Мақайың, т.б. Көне түркі тілінде «май» «киелі, қасиетті, құдіретті» ұғымында 
қолданылған. Мәселен Таулы Алтай тілінде «май» және «эне», Орхон-Енисей 
жазуларындағы «Ұмай» – «Жер және Су перісі». 
«Майлы» атауының топонимдік мағынасы «киелі, қасиетті, құдіретті тау» дегенді 
білдірсе керек. 


15
Бұқар жырау ауданы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет