Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к



Pdf көрінісі
бет23/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
toponimkaz

 
Қу – тау, биік. 780,8 м. Жаңаарқа ауд. Қарағанды обл. Е.Қойшыбаев «қу» түркі 
этнонимі десе, Э.Мурзаев «қу» сзі мари, манси тілдерінде «тас», «тасты» ұғымын білдіреді 
дейді (Мурзаев, 1984, 307). 
Шалқия поселкесінің солтүстігінде екі шоқы Мұңлы, Қулы аталады. Ел аузында 
Мұңлы деген қызды, Қулы деген жігіттің бір-біріне ғашық болып, қосыла алмағаны 
жөнінде аңыз бар. 
Таудың Қу аталу себебі «бұталы өсімдігі мен шалғын шөбі жұтаң, сұйық өсетін және 
ерте қурап кететін қуаң қыр, тау» болумен байланысты сияқты. 
Құртқа – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында Құртқа өзені әйгілі «Қобыланды 
батыр» эпосындағы қалмақ ханы Алшағыр мен Қобыландының жұбайы, Қызылбас елінің 
ханы – Көктемнің қызы – Құртқа есімімен бірдей аттас. Құртқа сөзі ертедегі түркі 
тілдерінде «кәрі кемпір», «әже» деген ұғым берген. 
Қырыққұдық – бұлақ. «Қалың құдық» мәніндегі атау. 
Қылыш – Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында Қылыш дейтін бөген бар. 
Шежіре бойынша, қазақтың Кіші жүз Байұлы құрамындағы Шеркеш тайпасына кіретін 
сегіз рудың бірі Қылыш деп аталады. Бөгеннің аты осы этнониммен қойылған деп 
есептейді. 
Мойынты – өзен, қала типіндегі поселке, темір жол стансасы, дөң, Жаңаарқа ауд. 
Қарағанды обл. Ғ.Қонқашбаев атауды өзенмен байланыстырып, «жіңішке, мойынға ұқсас» 
десе, Е.Қойшыбаев: «Көне түркі тілінде моин «мойын» + ту сөздерінен қалыптасып
айтыла келе, қазақ тілінің артикуляциялық базасына сай, еріндік ұ дыбысы езулік «ы» 
түрін қабылдаған. «Мойын тау» мағынасындағы атау», – деп пайымдайды. 


25
«Мойынты» атауы, «мойнақты, тік асулы тау немесе өзен арнасының жіңішкерген 
жері, иіні» деген мәнге ие екені байқалады. 
Надырсор – Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданындағы көлдің аты. Нәдір – арабтың 
«сирек, қалаулы» деген мағына беретін сөзі, кісі есімінде қолданылады. 
Толағай – тау, биік. 550,4 м. Жаңаарқа ауд. Қарағанды обл. Құрамында «толағай» 
(тологой/толгай/толгой) сөзі бар топонимдер монғол, бурят тілдерінде де кездеседі. 
Мәселен, Баян-Толгой, Лам-Тологой, Бурят республикасында Чулун-Толгой, Ундэр-
Толгой тау аттары бар. Монғол тілінде толгой – «бас» мағынасын білдірсе, топоним 
ретінде «төбе, шоқы» дегенді білдіреді. Ғ.Қонқашбаев тіліміздегі «толағай» сөзін монғол 
тілінен енген «шоқы, жеке тұрған биік тау», – деп білген. 
А.Әбдірахманов бұл пікірді мақұлдаса, Е.Қойшыбаев: «Толағай – «түркі тілд. толу, 
қаз. арх. толы – ғай – прогрессивті ассимиляция түріндегі сөз», – дегенді айтады. Демек, 
«Толағай» – «шоқы, жеке тұрған биік тау» деген мағынаны білдіреді. 
Ұшпа – тау, Жаңаарқа, Ұлытау ауд-да, Қарағанды обл. Бұл атау ұш (түбір етістік) + 
па (етістіктің зат есім тудыратын жұрнағы) тұлғаларының бірігуінен жасалған. 
Г.Сағидолдагийннің атауды талдай келіп: «Ұш – «биікке көтерілу, самғау», түрк. уч – 
«шың», қарақалп. уша – «қызар, шың», алт. учар – «өзен жағасындағы өте биік тау», 
«ұшар/учар» сөзі – (туынды етістік) – «биікке көтерілу, ұшу, самғау + ар (көсемшенің 
жұрнағы) тұлғаларынан жасалған», – деген түйіні нанымды шыққан. 
Демек, Ұшпа атауының мағынасы «биік, асқақ тау» дегенді білдіргендей. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет