Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру


Форзацқа кететін қағаз шығынын есептеу



бет18/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
annotation33162 (1)

Форзацқа кететін қағаз шығынын есептеу


Форзац – кітаптың үш жағынан кесіліп дайын болғандағы пішім өлшеміне тең, екі беттен тұратын қосалқы бөлшектердің бір түрі. Форзац кітап бумасы мен түптеу мұқабасын өз ара бекітеді, әрі кітапқа эстетикалық әсемдік береді. Форзацтың бір жақ беті түптеу мұқабасына тұтастай, ал екінші жағының шеті бумадағы бірінші дәптердің жиегіне 5мм. шамасында желімденеді. Ал кітап бумасының соңғы бетіндегі форзац, соңғы дәптердің соңғы бетінің түп жиегіне, ал екінші жағы тұтастай мұқабаның астыңғы жағына желімденіп, кітап бумасы мен мұқабаның өз ара бекітілуін қамтамасыз етеді.
Форзацтар арнайы форзац қағазында дайындалады немесе кітап мазмұнына сәйкес сурет-мәтіндермен немесе түрлі – түсті бояулармен безендіріліп, кітаптың көркемдік элементінің де рөлін атқарады. Құрылымына қарай форзацтар – құрамалы, яғни түбі арнайы полиграфиялық матамен желімденіп, кітапты беріктігі мен көркемдігін ғана арттыра түскенімен қоймай, кітапты ашқан кезде титулдық беттің қатты тартылмауын және жыртылып кетпеуін қамтамасыз етеді.
Форзацқа арналған қағаздардың бірнеше түрі бар. Егер форзац әдіптелетін болса арнайы материал қажет болады. Форзацтарды даярлау үшін қағаз талшықтары мен материалдың дұрыс (ұзынынан машиналық) бағытын тауып, берілген өлшемдеріне сәйкес кесіп-пішу керек.
Мысалы: пішімі 84х1081/32, таралымы 15 000 дана, қарапайым желімденетін форзацты дайындауға кететін, пішімі 84х108 см парақты форзац қағазының шығынын анықтау керек:

  1. Алдымен болашақ басылымның өлшемін табамыз. Басылымның пішімінің үлестік санын ең үлкен екі көбейтіндіге бөлеміз де, алдыңғы есептерде есептелген тәсіл бойынша есептейміз.

32=4х8; (84:4)х(108:8) = 21 ұзындығы х 13,5 см. ені;





  1. Форзац дайындамасының өлшемін табу керек:

Форзацтың ені болашақ басылымның екі ендік өлшемі мен ұзындығының кесілмеген өлшеміне тең болатындығын ескеріп, форзац дайындамасының өлшемін табамыз:

(13,5*2) х 21 = 27 х 21 см;


Жоғарыда айтылып кеткендей форзацты кесіп-пішу барысында, қағаз талшықтарының машиналық бағыты қағаз парағының ұзын жағына қарай бағытталатынын ескеру керек. Қағаз парағының енін, форзац дайындамасының еніне, ал қағаздың ұзындық жағын дайындаманың ұзындығына бөлу керек.





  1. Берілген пішімдегі парақты форзац қағазының біреуінен қанша форзац дайындамасы шығатынын анықтаймыз:

84: 27 = 3; 108: 21 = 5; 3х5 = 15 форзац дайындамасы шығады;





  1. Енді таралымға қажетті форзац қағазының санын табамыз.

Әр кітапта екі форзацтан болғандықтан , таралымы 15 000 дана кітапқа 30 000 дана форзац керек. Әр форзац қағазынан 15 форзац шығатын болғандықтан 30 000 дананы 15-ке бөлеміз;

30 000 : 15 = 2 000 форзац қағазы керек.


Осы әдіспен буманың үстіне кигізілетін форзац қағазының қажетті санын да есептеп шығаруға болады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет