Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру


Түптеу мұқабасына қажетті картон шығынын есептеу



бет19/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
annotation33162 (1)

Түптеу мұқабасына қажетті картон шығынын есептеу


Түптеу мұқабасын даярлауда қолданылатын арнайы картон әдеби-көркем әдебиеттердің, оқулықтардың, сөздіктер мен анықтамалық басылымдардың, энциклопедиялық кітаптардың сыртын қаптауда, мәдени-тұрмыстық өнімдерді дайындауда, сурет репродукцияларын, футлярлар мен әртүрлі өндірістік тауарларды даярлауда қолданылады.
Түптеу мұқабасын дайындауда қолданылатын картон кітаптың өзіндік құнына енетін шығындардың бірі болғандықтан, алдымен полиграфиялық картон түрлерімен танысу керек. Қазіргі кезде көптеп шығып жатқан неше түрлі полиграфиялық картондардың негізгі дәстүрлі түрлерін қарастырамыз.
Түптеу картоны төрт маркамен шығарылады. Олар: А, Б, В және Г деп таңбаланады.
Қалыңдығы 0,5 пен 1 мм –ден аспайтын картондар кіші пішімді, орташа көлемді, майысқақ түптеу қаптарын дайындауда қолданылады. Осы мақсатта пресшпан картоны да қолданылады. Пресшпан картоны деп бір жақ беті жылтыр жұқа целлюлозадан тұратын картондар аталады. Прессшпан картонының қалыңдығы 0,35 ден 1,20 мм. аралығында Бұл картон әр түсті болып келеді. Прессшпанда мәтін және бейнесуреттері жақсы басылып шығады. Мысалы торт өнімдері пресшпан картонымен қапталады. Қалыңдығы 0,6 мм-ге дейінгі пресшпан рулонда шығарылады, ал, қалыңдығы 0,6 мм –ден асатын болса парақты болып келеді..
Қалыңдығы 1,25 пен 2,5 мм аралығындағы картондар орта пішімді, бума қалыңдығы да сәйкес келетін басылымдардың түптеу мұқабасын даярлауда жиі қолданылады. Мұндай картондардан дайындалатын түптеу мұқабасын қолмен де, арнайы жабдықтарда да дайындай береді.
Қалыңдығы 2,5 пен 3 мм аралығындағы картондарды үлкен пішімді, қалың басылымдардың түптеу мұқабасын даярлауда қолданады.
А маркалы картон 100% ағаш массасынан немесе ағаш массасы мен макулатурадан тұрады. Оның жылтырлығы мен түсінің еш маңызы жоқ себебі мұндай картон түптеу материалымен немесе арнайы қағазда басылған мұқабамен қапталады.
Б маркалы картонның қалыңдығы орташа және өзара престелген үш қабаттан тұрады. Ортаңғы қабаты 35% ағаш массасынан, полуцеллюлоза мен макулатура массасынан тұрады. Үстіңгі және астыңғы қабаттары сульфатты целлюлозадан тұратындықтан, бұл картонның майысу мен бөлінуге механикалық беріктігі жоғары, желімді жақсы қабылдаумен қатар престеп бедерлегенде анық бейне қалыптастырады.
В маркалы картон үш қабаттан тұрады. Ортаңғы қабаты ағаш массасымен мен макулатура массасынан тыс сульфитті және сульфатты целлюлозадан тұрады. Бұл қоспалар картонға аса жоғары беріктік береді. Сыртқы қабаттары 100% канифольденген сульфитті және сульфатты целлюлозадан және жылтырлығын арттыруға арналған бояғыш заттан тұрады.
Г маркалы картон машиналы жылтырланып өзара желімденген екі картоннан состоит из двух склеенных полотен картона с машинной гладкостью. Түптеу материалымен қапталатын мұқабаларға арналған.
Парақты түрде шығарылатын А, В және Г маркалы картондардың қалыңдығы шамамен ±0,1 мм аралығында; ал Б маркалы картонда — от 0,6 до 0,8 мм.
Картонды пішу кезінде сақталатын маңызды мәселелер:
Картонды түптеу қабына пішу кезінде экономикалық ұтымдылығы мен машиналық бағытын ескеруді ұмытпау керек. Картон талшықтарының ұзын жағы кітап бумасының түбіне параллельді болуы керек. Бұл талап түптеу мұқабасының беріктігі мен төзімділігін қамтамасыз қамтамасыз етеді. Осы себептен парақты түрде шығарылатын картондардың ұзын жағы талшықтарының ұзын жағына сәйкес келеді.
Түптеу каптондары мынадай пішімдерде шығарылады:
70 х 100; 74x93; 74x105; 75x100; 79x108; 80x100 и 84x108 см (практикада картон өлшемдері мм-де көрсетіледі).
Қолдану мерзімі қысқа, таралымы 500 мың данадан асатын және қалың картон қолданылатын жағдайда, картонды пішу барысында шығынды азайту мақсатында техинструкция бойынша картонды ені жағынан немесе аралас етіп пішуге рұқсат етіледі.
Түптеу мұқабасындағы картон беттері кесілген кітап бумасының өлшеміне сәйкестіріледі. Картон беттерінің биіктігі үстіңгі және астыңғы канттардың өлшеміне қарай есептеледі. Пішімдері әртүрлі басылымдарда қолданылатын кант өлшемдері әртүрлі болады. Кант өлшемдері - кестеде берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет