Өмір қауіпсіздігі негіздері Тақырыбы: Судағы қауіпсіздік Мақсаты



бет2/3
Дата23.11.2023
өлшемі416.19 Kb.
#484176
1   2   3
Документ Microsoft Word

Судағы қауіпсіздік
Сыныбы: 4 «В»
Сынып жетекшісі:Қорғанбаева Жақсыгүл

Тақырыбы: Тұрмыстық жарақатты болдырмау жолдарын ескерту.


Мақсаты: мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанушылық мәселесіне мемлекеттік органдардың, көпшіліктің назарын аудару.
Мақсатты топ: мектеп қоғамы (оқушылар, медицина қызметкерлері, мұғалімдер), студент жастар, ата-аналар, жол полициясы қызметкерлері, жүргізушілер.
Серіктестер:
- Облыстар мен қалалардың әкімшілігі (ТЖ басқармасы)
- Денсаулық сақтау басқармасы
- Білім беру басқармасы
- Көлік және коммуникация басқармасы - ІІД - БАҚ - ҮЕҰ
Айлыққа ұсынылатын іс-шаралар:
1. ІІД мамандарының қатысуымен мектептерде «Біз, қазақстандықтар, туылғаннан қозғалыс қауіпсіздігі үшін!» акция өткізу;
2. Медицина, жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен «Балалардың қауіпсіздігі – біздің міндетіміз» атты жол-көлік және тұрмыстық жарақаттың алдын алу мәселесі жөнінде ата-аналар жиналысын, дөңгелек үстелдер өткізу;
3. ІІД мамандарымен бірге мектеп оқушыларына жол қозғалысы ережесін (ЖҚЕ) үйрету мен «Жол әліппесі – 2014!» атты дәрігер алды алғашқы көмек көрсетудің жаңа тәсілдері бойынша жалпы білім беретін мектептің педагогтары үшін семинар-тренингтер өткізу;
4. Жол полициясы қызметкерлері мен жүргізушілер үшін «Қауіпсіздік минуты!» атты дәрігер алды алғашқы көмек көрсетудің бойынша семинар-тренинг өткізу;
5. Жастар денсаулық орталықтарында оқушылары мен жастар арасында ЖҚЕ-ні жақсы білу мен «Сәлем бердік жаз!» атты жарақат (суға бату, велосипедтен, әткеншектен құлау мен т.б.) алған кезде дәрігер алды алғашқы көмек көрсету бойынша байқау өткізу;
6. Кіші және жоғарғы сынып оқушылары арасында ЖКО-ның алдын алу жөнінде фотосурет байқауын, сурет немесе плакаттар байқауын, жоғарғы сынып оқушылары арасында «Жол грамотасы» атты үздік шығарма, үздік ұран немесе тақпақ байқауын өткізу;
7. «Қызыл, сары, жасыл!», «Қауіпсіз дөңгелек!», «Жаяу жүргіншілерге арналған» ЖҚЖИ жасағының слетін өткізу;
8. «Жол әліппесі – денсаулық жолы!», «Мейірімді бағдаршам аға!», «Жүргізуші – жолда мұқият бол!» және т.б. фотокөрмелер рәсімдеу;
9. ТД мен радиода мамандардың сөз сөйлеуі, баспасөз мәжілісін өткізу, оны БАҚ басылымдарында жарыққа шығару;
10. Балалар жарақаты жөнінде ақпараттық-білім беру материалдарын тарату арқылы жол қозғалысын реттеуге жол полициясының қызметкерлерімен ЖҚЖИ-дің қатысуын ұйымдастыру;
11. Тұрмыстық және жол-көлік жарақатының алдын алу жөнінде 2 тілде АББМ-ның таралымын көбейту мен тарату;
12. Автобустарда, білім беру ұйымдарында, МСАК-та, мектептерде жарақаттың алдын алу жөнінде бейнероликтер, оқу фильмдері мен мультфильмдерді жалға беру мен көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет