Өмірбаяны Әйтеке би Бәйбекұлы 1644 жылы (қазіргі Өзбекстан аумағына қарасты) Қызылша деген жерде текті әулетте



бет44/56
Дата07.02.2024
өлшемі3.09 Mb.
#491020
түріӨмірбаяны
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56
Кітапшалар

Абай ауылдық кітапханасы:
Тақырыбы: Абай ауылы Құлан қалашығы
Жетекшісі: Бакеева Бозтан
Орындаған: Кенжебек Хабиба « Үздік презентаия» номинация
Қарақат ауылдық кітапханасы:
Тақырыбы: Құдайберген Датқа Бәйетұлы
Жетекшісі: Жарқынбаева Гүлжамал
Орындаған: Бекетаева Диляра «Шығармашылық ізденіс» номинация
«Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа таптайды. Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан
байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ.» - деп Ғабит Мүсірепов айтқанындай балалар кітапханасында тілімізді насихаттау мақсатында көптеген іс шаралар өтеді. Олар «Тіл-елімнің тірегі», Қазақ халқының салт-дәстүрі «Наурыз нақыштары», «Наурыз-думан»
сияқты әдемі кештерінде оқушылар ешбір мәжбүрсіз біреулері жүргізуші, басқалары көріністерге қатысып, аса құштарлықпен кітапханада өткізілетін шараларға араласуы кітапханашыларды сүйсіндіреді. Халқының өткенін білу, құрметтеу әр адамның санасына сіңіп өсуі қажет. «Берік болсын тәуелсіздік тұғыры», «Ел тарихы –
менің тарихым», «Отаным – алтын бесігім», «Ерлікпен жеткен жеңіске, тағзым ету парызың» деген атпен тәрбие сағаттары, әдеби музыкалық композиция, т.б. шаралар өткізілуде.
Бүгінгі ұрпақ компьютермен бірге есеюде. Олар үшін веб ақпарат дереккөзімен ғана емес, қарым-қатынас, өз ойларын жеткізу ортасы болып та табылады. ХХІ ғасыр – жоғары компьютерлік технология ғасыры. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр-ақпараттандыру ғасыры» деп атауының өзі осыған дәлел. Қазіргі замандағы әрбір кітапхананың қызмет атқаруы технологиялық инновацияларды қабылдау қабілетіне байланысты. Жаңалықтар легі толассыз өсіп жатқан кезінде кітапхана оқырман мен кітап арасындағы
негізгі алтын көпір. Оқырмандарымызға емін-еркін білімін жетілдіріп, өз бетімен өсіп – өркендеуге кеңінен құқық берілген. Ендеше осы құқықты пайдаланудың мемлекеттік кепілдемесі болып кітапханалар
болып табылады. Бұл кітапханалардың қызмет көрсетуге инновациялық тәсілдерді іздеуін талап етеді және қызметті оқырмандарға ыңғайлы әдіспен ұсынуға итермелейді.
Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын.
Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген мына сөздерден инновациялық-әдісінің мәні өз көрінісін табады. Қазіргі кездегі кітапхананың қызметі, сонымен бірге кітапханалық өлкетану, пайдаланушылар мен оқырмандардың қажетті
өлкетанулық ақпаратқа деген кіру жаңа ақпараттық технологияларды қолдануынсыз мүмкін емес. Өлкетану бойынша электрондық қорлар, мәлімет базалар, электронды каталогтар, роликтер, тұсау кесерлер құрастырылады. Балалар кітапханасын электрондық
медиатекаға айландыру кезі келді. «Медиатека» дегенде түсінетініміз -әртүрлі нысандағы құжаттарды жинақтаған және қажетті арнаулы құрал-жабдықтармен және техникалық құралдарды пайдаланушыларға жоғары деңгейде ұсынатын қазіргі заманғы озық кітапхана. Кітапхана қоры пайдаланушылардың нақты талаптарын қанағаттандыру үшін әр түрлі саладағы білімдердің дискілерін ұстау керек. Бұлар: энциклопедиялық, анықтамалық, оқу-әдістемелік және оқулықтар.
Ауданымызда барлық балалар кітапханалары интернет жүйесіне қосылған, компьютермен жабдықталды деп айта аламыз. Олай болған жағдайда ғаламдық желінің арнайы ресурстарын пайдалану, әр түрлі ақпараттар
алу, интернет сервистерімен, интернет іздестіру жүйелерімен, электрондық поштамен жұмыс жасау үшін «Интернет» желісіннің барлық кыр-сырын білу қажет етеді.
Алдағы уақыта инновациялық әдіспен жұмыс жасау мақсатында: «Кітапханадағы дәстүрлі және инновациялық қызмет», «Өлкетану құжаттарын сандық түрге көшіру», «Қазіргі заманғы кітапхананың инновациялық қызметінің әдістері мен түрлері» тақырыптарында ОКЖ-де практикалық семинар кеңестер жиі өткізіледі. Қазіргі замандағы әрбір
кітапхананың қызмет атқаруы технологиялық жаңалықтарды қабылдау
қабілетіне байланысты. Ауылдық балалар кітапханасының дәстүрлі жұмысын
дамытумен қатар кітапхана қызметкерлерінен ізденісті, жаңалыққа
құштарлықты, өз істерінің нағыз маманы бола білулерін талап етеді. Тек
ғана кітапқа сақшы болу заманы қалды құрметті әріптестер. Біз әр
қашанда көзі ашық және сауатты адамдармыз, ал сауатты адам
заманымен бірге болу тиіс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Ахметова С., Ақшалова М. «Кітапханадағы библиографиялық
жұмыс; ұйымдастыру мен методика»
2. Ахметова С. «Өлкетану библиографиясы.»
3. Жүнісбек Ә. «Жаңа технология негізі – сапалы білім.»
4. Көшімбетова С. «Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері.»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет