Өмірбаяны Әйтеке би Бәйбекұлы 1644 жылы (қазіргі Өзбекстан аумағына қарасты) Қызылша деген жерде текті әулетте



бет47/56
Дата07.02.2024
өлшемі3.09 Mb.
#491020
түріӨмірбаяны
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56
Кітапшалар

Арай Ахметжанова
Бізде шағын жанр-әңгімені жаңа форма, тың тақырыппен байыта отырып, оны жоғары деңгейге көтерудің ізгі нышандары байқалуда. Оған жас жазушы Сайын Мұратбековтің «Менің қарындасым» әңгімесін мысалға келтіруге болады. Оймақтай нәрседен ой түйіндеуге тырысқан бұл шығармада мөлдірлік, табиғилық, сыршыл лиризм мен адам жанына барлау жасаған психологизм ұшқындары бар.
Тахауи Ахтанов
Сайын Мұратбековтың «Таңғы шық», «Райгүл» сияқты алғашқы әңгімелері мен «Басында Үшқараның...», «Жусан исі» сияқты повестері барша оқырман қауымды елең еткізді. Алматы жоғары оқу орындарындағы жатақханаларда бұл шығармалар қолдан-қолға өтіп оқылды.
Ұзақбай Доспанбетов

6

Стиль - адам. Ал адамның жаратушысы Құдай. Бұлардың бәрі пенденің санасынан тыс бірінен-бірі өткен құпия. Сол себептен де өнері баяғыда-ақ Үшқараның басына ұя салған Сайын Мұратбеков әдебиет жайлы 40 жыл әңгіме шертсе де, өз шығармаларына тән сөз сиқырын, яғни өз өнерінің мәйегін ашып бере алмапты. Өйткені жоғарыда айтқанымыздай талант иесінің маңдайына жазылған сый - Тәңір берген суреткерлік тылсым өнерпаздың қолындағы, ырқындағы құбылыс еді.


Смағұл Елубаев

«Жусан иісі» Сайын Мұратбековтың творчествосындағы үздік жетістіктерінің бірі болып табылады. Ұлы Отан соғысы жылындағы ауыртпалықты суреттейтін шығарма да, бала кейіпкер де мол. Бірақ бұл туынды олардың ешқайсысына да ұқсамайды. Оқиғаның өрбуі мен құрылымы да, логикалық ақыл-ойдың дара сабақтаса дамуы да, лирикалық шығарманың ішкі жан-дүниесі де оқшау. Көз алдыңнан қара жолдың шаңын аспанға


шығара жарысып бара жатқан балалардың соңында аяғын сылтып басып, жете алмасын білгенде: «Әй, тоқтаңдаршы, бір қызық ертегі айтайын», - деп соқпақ шетіне отыра кететін Аянның бейнесі кетпейді.
Тұрсын Жұртбаев

7
Сайын Мұратбеков шығармашылығындағы шынайылығы, өмірсүйгіштік қуаты арқылы бұл көркемдік тенденцияның қоғам тынысын әсіресе жарқын тұстарынан барынша жан-жақты бейнелеу талаптарын жүзеге асырудағы елеулі үлесіне күмән тудырмайды. Ол роман жазған жоқ. Оның романы - әңгімелері. Ал әңгімелері мәңгілік даңқтың иелігіне шақыру алған. Қаламгер бақыты сондай-ақ болсын...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет