Өмірбаяны Әйтеке би Бәйбекұлы 1644 жылы (қазіргі Өзбекстан аумағына қарасты) Қызылша деген жерде текті әулетте



бет2/56
Дата07.02.2024
өлшемі3.09 Mb.
#491020
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Кітапшалар

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Айтеке Байбекулы // Казахстан. Национальная энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004. – Т. I.
2. Толыбеков С. Әйтеке би // Қазақ шежіpeci. – Алматы, 1992.
3. Толыбеков С. Үш пайғамбар. – Алматы, 1992.
4. Досмухамедулы X., Аламан. – Алматы, 1993.
5. Досмухамедулы X. Әйтеке би. – Алматы, 1998.
6. Есламгалиулы М. Әйтекe би. – Алматы, 1998.
7. Торекулов Н., Казбеков М. Казахские бии-ораторы. – Алматы, 1993.
8. Назарбаев Н. А. Пять лет независимости. – Алматы, 1996. – С. 153. 
10
Алайда билікке құмартқан сұлтандар арасындағы тартыстар, руластар арасындағы ұдайы егестер мен жоңғар шапқыншылығының қайғылы салдарлары дарынды саяси қайраткер Әйтеке би тағдырында да өшпес із қалдырды. Өз халқының құлдыққа түскенін көргісі келмеген Әйтеке би Құдайдан жедел өлімді тілейді. Ол Хан Кеңесін тастап, Нұрата маңындағы өзінің туған жеріне жетеді. 1700 жылы үш бидің ішіндегі ең кішісі 56 жасында қайтыс болды.
Еңбегі
Қазақтың аса көрнекті биі Әйтекенің сіңірген еңбегі жайлы айтар болсақ, әдетте оны «Жеті жарғы» (Тәуке ханның «Жеті жарғысы») авторларының бірі ретіндегі заң шығарушылық қызметі жөнінде атап өтеді. Көшпелі қазақтың құқықтық дәстүрінде өзекті қоғамдық сұраныстарға орай, құқықтық қатынастарды реттеудің бірнеше түрі болғаны белгілі. Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайырдан іргесін аулақ салғаннан кейін, қазақ хандығын жариялауы, Жошы мен Шағатай мемлекеттерінің ыдырауы нәтижесінде өзін-өзі құқықтық қамтамасыз етуді талап етуші жаңа саяси-құқықтық кеңістік пайда болған еді. Шыңғыс ханның бұрынғы «Ясасы» («Жасау ізі») жаңа мемлекеттіліктің пайда болуына сәйкес қайта жасалуы қажет болды. Сонымен бұл міндетті қазақтың аса көрнекті ханы Әз-Жәнібек ханның ұлы Қасым хан жүзеге асырды. Нақ Қасым хан ғана рулық байланыстарға қарағанда бірлікті нығайтудың жоғары деңгейін қалыптастыруға ықпал жасайтын, қоғамның моральдық-этикалық және әлеуметтік-құқықтық ережелерін өмірге бейімдеп жасады. Ол өзінің алдына нақты реттелген тәртібі және тұрмыс салтымен ерекшеленетін, сыртқы шекаралары мен көшу бағыттары қатаң анықталған, мемлекеттік қазына мен сот билігіне міндетті салықтар, табиғи апаттар мен соғыс бола қалған жағдайдағы халықты жұмылдыру тетіктері қалыптасқан көшпелі өркениетті мемлекетті құруды мақсат етіп, жүзеге асырды да. Қасым хан жасаған заңдар жинағын халық «Қасым салған қасқа жол» деген атаумен нақты да дәл атаған. Бұл заңдар жинағы негізгі бес бөлімнен тұрады: 1. Мүлік заңы. Оған жер, мал және мүлік жайлы дауларды шешу жөніндегі ережелер кірді. 2.
3
Қылмыстық заң. Мұнда әртүрлі қылмыстар және оның жазалаулары қарастырылды. 3. Соғыс заңы. Онда ел-жұрттың соғыс кездеріндегі әскер жасақтаудағы міндеттері, әскери борыш, бөлімшелерді құру қағидаттары, соғыс олжаларын бөлу туралы айтылады. 4. Елшілік ғұрып. Бұл бөлімде халықаралық құқық мәселесі, елшілік әдебі кіреді. 5. Жұртшылық заңы. Бұл бөлім қауымдық және қауымаралық өзара көмек міндеттеріне, сонымен қатар салтанатты мерекелер өткізу мен сарай этикеті ережелеріне арналған. Сипатталған саяси жүйе түрақты болмай шықты және жоғарғы билеушінің жеке беделімен сақталып тұрды. Бұл XVI ғасырдағы оқиғалардың үштен екісінде, әрбір ұлыстың сұлтаны өзін хан етіп жариялағысы келген кездері ашық көрініс берді. Бұл қазақ тарихында халықтық дәстүр мен халық даналығы негізінде жасалған алғашқы заң еді. Артынша Есім хан, ханның атымен аталған «Есім ханның ескі жолы» атты жаңа құқықтың кодексті жетілдіруді ұсынды. Нәтижесінде Қазақ мемлекетінің саяси жүйесі түбегейлі түрде қайта құрылды. Оның мәні, жабық элита – төре шыңғыс тұқымдарының басымдығы, ашық элита – көшпелі-қазақ үшін билер мен старшындар басымдылығымен алмасуында болды. Бұл жүйе Шыңғысханның ұрпақтар билігінің саяси құқығын шектеп, қауым мен оның басшыларының құқығын кеңейткен өзінше «билер төңкерісі» болды. Жаңа жүйе мал шаруашылығымен айналысуына орай, шариғат заңдарына қарағанда әдет ережелері өте қолайлы болғандықтан халық арасында зор қолдауға ие болды. Бұл жүйе хандық билікті әжептеуір тежеді және мемлекетті басқаруға халық бұқарасының басым бөлігін тартты. Есім ханның құқықтық актісінде ханның, бидің және батырлардың өкілеттілігі, сондай-ақ олардың өзара міндеттері мен құқықтары анықталды, негізінде хан ақсүйектерді шектеп, билерге (дала соттарына) сүйенгендіктен анығында бұл «Билер төңкерісі» болатын. Бұрынғысынша жоғарғы заң билігі Мәслихатта қалды. Оның құрамына қазақ қауымының барлық өкілдері және кейбір ықпалды сұлтандар кірді. Мәслихат жылына бір рет Ордабасы, Күлтөбе мен Ұлытауда жиналды. Саяси жүйеде хан рөлінің әлсіреуі хан сайлау қағидасының өзгеруіне әкелді. Меритократия ұстанымы ресми
4
деп санайды.
Әйтеке би есімі қазақ тарихы мен құқығы анналына еңбегіне лайық енгізілді. Қазақстанда әр аймақта және қалаларда оның атымен көшелер аталып, ескерткіштер қойылған. Университеттердің заң факультеттерінде «Жеті Жарғыны» және қазақтың заң шығарушы-билері Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би мен Әйтеке билердің қайраткерлігін оқып-үйренуге зор көңіл аударылған. Оның есімі ар, намыс пен әділеттіліктің бейнесіне айналды.
2003 жылы Әйтеке биге арналған Қазақстанның пошта маркасы шығарылды.
XVII –XVIII ғасырларда өмір сүрген әйгілі үш би жөнінде, аттары Далалық өлкедегі әділ соттың «Алтын ғасыры» елесімен байланысқан Төле би, Қазбек би мен Әйтеке би туралы елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Олар қазақ үшін мызғымас бірліктің символына айналды, олардың жалынды сөздері қасиетті кітаптың нақыл сөздеріндей ұрпақтар санасына орнады… Үш данагөйдің өнегелі өмірі, ел қамын жеген адал еңбегі, топ бастаған көсемдігі, от ауызды, орақ тілді шешендігі, мүлтіксіз әділдігі жөніндегі айтар әңгіме аз емес», – деп айтқан болатын [8].

Өзбекістан Республикасында Нұраты районында орналасқан Әйтеке бидің кесенесі

күзеуін нақты анықтап алған жөн. Ру басылары әрдайым тұрақты
қарулы әскер, халық жасағын құрып шекараға жақын қауіпті жерлерге соғыс бекетін орнықтыруы тиіс. Ол жерлерде әскери дайындықтар өткізілгені жөн. Малға бай ауылдарды Қызылқұм мен Қарақұмның ішіне қарай көшіру қажет. Біріншіден шапқыншылықтан аулағырақ, екіншіден олар керек болған жағдайда жауынгерлерді азық-түлікпен, көлікпен, ержүрек-жігіттермен қамтамасыз етуі қажет. Ешкімге бодан болмай-ақ, заманға лайық қару-жарақты сатып алу керек. Және төтенше жағдай жариялап, мылтық пен зеңбірекке айырбас жасау үшін барлық ауқатты адамдардан, төрелерден, сұлтандар мен рубасыларынан жылқы, түйе, жүн, тері түрінде алым-салық жинау абзал. Мұны халық қолдайды және еркіндік пен тыныштық үшін ештеңе аямайды. Халықтың қауіпсіздігіне жауап беретін Хан кеңесінде тұрақты қатынасатын, сайлауға лайықты адам болсын. Егер біз барлық төнген қатерлерді көрмесек, оның алдын алмасақ халық бізді кешірмейді, қарғайды».
Осылайша Әйтеке би халық арманын жеткізуші нағыз патриот төніп келе жатқан отаршылдықтың қаупін сезе білді және оған дұрыс шешімдерін ұсынған көреген данышпан болды. Халық арасында бидің Отанына деген нағыз сүйіспеншілігін бейнелейтін қанатты сөздері: «Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін. Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін. Егер бай болып, елге пайдаң тимесе, батыр болып жауға найзаң тимесе, елден бөлек үйің күйсін». Осы даналық өсиеттің арқасында «Мың өліп, мың тірілген» қазақтарға ғасырлар бойы өзінің мемлекеттілігін сақтап қалу сәті түскен еді. Өз өмірін Әйтеке би: «Өмірім өзгенікі, өлім ғана өзімдікі» – деп қорытындылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет