С дәрумені (аскорбин қышқылы) - - Тотығу-тотықсыздану реакция айналымына қатысады;
- Көптеген ферменттер құрамына кіреді;
- Ақуыз синтезіне қатысады;
- Антиденелердің қалыптасуын жүзеге асырады;
- Дентин, шеміршектің қалыптасуына қатысады, ішекке темір элементінің сіңірілу процесін күшейтеді;
- Бүйрек үсті бездерінде норадреналиннің түзілуін жүзеге асырады;
- Итмұрын, қара жидек, бүлдірген,апельсин, лимон, пияз, сарымсақ, қырыққабат, алма т.б. Құрамында кездеседі;
- жағымды дәмі бар;
- Тәулігіне 50-100 мг қажет.
Құрқұлақ (цинга) ауруының белгілері - Тез шаршау;
- Қызылиек қанталайды, қан кетеді;
- Бұлшықеттер ауырады;
- Қылтамырлар үзіледі;
- Буын ауырады;
- Тістер босап түседі;
- Ағзаның ауруларға қарсы тұруы төмендейді.
Сізге С дәрумені жетіспеушілігін білдіретін белгілер: - Қызылиегіңіз жиі-жиі ісіп, қанталаса;
- Жай ғана соққыдан денеңіз тез көгеріп, қызарса;
- Бұлшықеттеріңіз себепсіз ауырса;
- Тістеріңіз босай бастаса.
- Сарамандық жұмысқа нұсқаулық «Алма мен апельсин шырындарынан С дәруменін анықтау»
- Дәріханалық йод тұнбасын 40 есе сұйылту.
- 20 мл шырынды 100 мл –ге дейін сумен сұйылтып, оған аздаған крахмал ерітіндісін құю. (200 мл суға 1 гр крахмал қатынасындағы
- Содан кейін алынған қоспаға тамшуырдың көмегімен йод ерітіндісін тамызу.
- Аскарбин қышқылын йод толық тотықтырғаннан кейін , келесі тамшы ерітіндіні көк түске бояйды. Бұл титрлеудің аяқталғанын көрсетеді. Титрлеуге қанша йод кеткенін білу үшін , алдын ала бір тамшы йодтың көлемін анықтап алу керек. Тамшы санын миллилитрге айналдырып , оны0,88 ге көбейту керек. Бір тамшы йодтың көлемін білу үшін тамшуырдың көмегімен анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |