Өндірісте өндірілген дәрумендер туралы жалпы түсінік



бет2/6
Дата08.11.2023
өлшемі3.79 Mb.
#482705
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
дәрумендер

Дәрумендерге сипаттама

А дәрумені

  • Эпителий ұлпаларының дамуын,қалыпты өсуін реттейді;
  • Ферменттер жұмысын күшейтеді;
  • Көру пигменті –родопсиннің түзілуін қамтамасыз етеді;
  • Өсу витамині деп атайды;
  • Жануартекті өнімдерде-бауыр,сарымай,балық майында көп.
  • Өсімдіктекті өнімдерде-құрамында каротин бар сәбіз,қызан, асқабақ, тәтті қызыл бұрыш,өрікте көп.
  • Тәуліктік мөлшері 1-1,5мг.

Қызғылт пигмент – каротин

  • КАРОТИНОИДТАР ( лат. carota -сәбіз және грек. eidos - түр), қызғылт және сарғыш табиғи пигменттер тобы.
  • Жарық сәулесін сіңіру арқылы фотосинтез процесіне қатысады; сперматозоидтың қалыптасуына;
  • Эндоплазмалық тордың жарғақшасында сіңіріліп , секреттік, тасымалдаушы нәруыздардың қалыптасуына әсер етеді;
  • Митоз үрдісінде жасушаның бөлінуін реттейді.
  • Адам ағзасына тағаммен түскен каратиноидтардан А дәрумені түзіледі.

Сізге А витамині жетіспеушілігін білдіретін белгілер:

  • Күндізгі жарық көзіңізге әдеттен тыс көп әсер етсе;
  • Сізге қарсы келе жатқан көлік жарығы көзіңізге қатты әсер етсе;
  • Ымыртта немесе түнде көруіңіз нашарласа, яғни ақшам сокырлықты байқасаңыз;
  • Шынтағыңыз, тізеңіз, бөксеңіз қызарып кетсе;
  • Тамағыңыздың сілемейлі қабықшасы жиі-жиі қабынса;
  • Басыңызда қайызғақ пайда болса.

D дәрумені (кальциферол)

  • Сүйектердің қалыпты дұрыс дамуын қамтамасыз етеді;
  • Бұлшықет тонусын күшейтеді;
  • Ферменттер жұмысына әсер етеді;
  • Ағзадағы кальций алмасуын жүзеге асырады;
  • Күннің ультракүлгін сәулелері арқылы ағзада түзіледі;
  • Тәуліктік қажеттілігі 1 мг;
  • Балық майында, бауырда, жұмыртқа сарыуызында т.б. кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет