№
|
Ескертпелер
|
Мұғалім пікірі
|
1
|
Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?
|
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.
|
2
|
Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?
|
Ашық сабағы. Сабақта адам организімін химиялық құрамы жайлы толықтай біліп отырып, топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін, ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту) үшін пайдаланылды.
|
3
|
Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?
А) білімділік
Ә) дамытушылық
Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?
|
А) Адам организмінің химиялық құрамы туралы алған теориялық білімдерін бекітіп, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізу;
Ә) Сауатты, таза, көркем жазуға, мәдениетті сөйлей білуге үйрете отырып, ойлау қабіліттерін, қиялдарын дамыту;
Б) Халықтық педагогика негізінде тәрбиелей отырып, Отанын, отбасын, туған жерін сүюге ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл алған міндеттер байланысып бірін - бірі толықтыры тұрды.
|
4
|
Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?
|
Оқушыларды жалықтырмас үшін, қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсәлдермен, ойындар өткіздім.
|
5
|
Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс
болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?
|
Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.
|
6
|
Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.
|
Ш.А. Амоношвилидің “Ойын арқылы оқыту”, В.В. Давыдовтың “Дамыта оқыту”, “химия пәнін сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін ізгілендіру педагогикасымен ұштастыра өткізіп, оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды”.
|
7
|
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)
|
Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар үсті-үстіне түскен тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.
|
8
|
Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты.
|
Сабақ барысында оқушылардың ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және намысшылдыққа, ұйымшылдыққа, елін, отбасын сүйуге тәрбиеленді. Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету басшылыққа алынды.
|
9
|
Үй тапсырмасын беру
|
Үйге тапсырма оқушылардың ерекшеліктерн ескере отырып, уақытты дұрыс пайдалануға негіздеп, білімінді тексер тапсырмалары тапсырылды
|
10
|
Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?
|
Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға талпынып қажетті тәсілді қолданамын.
|
11
|
Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?
|
Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. “Миға шабуыл”, “кім жылдам”, “Сәйкестендіру”, “блиц турнирі”, “химиялық диктант ” сияқты тапсырмалар өз шешуін тапты. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
|