Өндірістік – педагогикалық практика есебі



бет15/19
Дата03.03.2024
өлшемі2.53 Mb.
#494065
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Практика Есеп Базарбаев Б 2023ж

Мектеп директоры: Арыстанбекова А.


Оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Байтенов А.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ түрік университетінің
студенті Базарбаев Бекзадқа
өндірістік-педагогикалық практика
жетекшісі С.А.Джумадуллаеваның


Мінездемесі

Базарбаев Бекзад 13.02.2023ж - 08.04.2023ж аралығында Түркістан қаласы Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп –интернатында 8 «В» сыныбына жетекші болып бекітіліп, өндірістік-педагогикалық практикадан өтті. Бекзад өз мамандығы бойынша теориялық білім деңгейінің өте жақсы екенін көрсете отырып, практикамен ұштастыра білді. Бекзадта оқушылармен тез тіл табыса білу, әр оқушының мінез-құлықтарына қарай қарым-қатынас жасай білуі педагогикалық іскерліктің қалыптасып келе жатқандығын білдіреді. Бекзад өндірістік-педагогикалық практика барысында оқушының жеке тұлғасын зерттеу әдістерін қолдана білуді үйренді. Бекзад өзінің тиянақтылығымен, ұқыптылығымен, жан-жақтылығымен, біліктілігімен көзге түсті. Өзіне жүктелген міндеттерді өз уақытында орындап, сабақтарына жауапкершілікпен қарады. Аз уақыттың ішінде студенттің кәсіби педагогикалық бағыттылық деңгейі, жаңа инновациялық әрекет жағдайында міндеттерді шешуге бағытталуы, әлеуметтік белсенділігі, педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығы, балаларды жақсы көруі, педагогикаға деген қатынасы арта түсті.


Өндірістік-педагогикалық практика барысында 9 «А», 9 «Б», 9 «В» сыныптарға химия пәнінен үздіксіз сабақтар беріді. Одан басқа 7 «В», 8 «В», 10 «В» сыныптарына химия пәнінен қосымша сабақтар бере отырып өз тәжірибесін шыңдады. Мен Базарбаев Бекзадтың келешекте химия пәнінен білікті мұғалім боларына сенімдімін.

Өндірістік-педагогикалық практика бойынша баға: ___


Педагогикалық практика
жетекшісі,ХҚТУ профессоры С.А.Джумадуллаева

2023ж. «___» _______




Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет