Өндірістік – педагогикалық практика есебі



бет8/19
Дата03.03.2024
өлшемі2.53 Mb.
#494065
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Практика Есеп Базарбаев Б 2023ж

29.03.2023. Аптаның бұл күні мен сабақты 7 «В» сыныбына өтуден бастадым. Оқу бағдарламасы бойынша тақырып «Тағам құрамындағы қоректік заттар» болды. Оқушыларға сабақ барысында күнделікті тұтынып жүрген тағамдарын пайдалы жақтары мен зиянды жақтары және тағамның құрамынжағы пайдалы элементтер жайлы түсіінк берілді. Сабақ өте қызықты өтті.
Кесте бойынша 8-сынып оқушылары «Оксидтер» тақырыбын бастады. Тақырып бойынша әріптестерім өткен сабақтарға қатыстым, байқаған кемшіліктерін түртіп отырып сабақ соңында кері байланыс орнаттық. Мен де өзіме тың болған мәліметтерді алдым, әр-түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану ерекшеліктерін көріп кейбірлерін өзіме сақтап алдым.


03.04.2023. Бұл апта біздің практиканың соңғы аптасы екендігіне қарамай қызықты әрі тартысты өтті. Өйткені осы апта химия апталығы басталған болатын. Ғылым мен тәжірибеге толы аптаның ашылу конференциясына қатсытым. Оқушылардың белсенділіктеріне тәнті болдым. Химия сабағы 9-сыныптардан басталды. Мен оларға «Органикалық заттардың изомериясы мен номенклатурасы» тақырыбында мұғалімдердің бақылауымен сабақты түсіндіріп өттім.
Кесте бойынша келесі сабақ 8 «В» сыныбында жалғасты. Бұл сыныпта оксидтер мен қышқылдарға байланысты зертханадық жұмыстар орындадық. Оқушылар зертхаланық жұмыстарды аса ептілікпен, әрі асқан қызығушылығының арқасында сабақтарымыз талас әрі тартысқа толы жүзеге асты.
Кесте бойынша келесісі 7 «В» сыныбына факультатив сабақтары болды. Факультатив сабағында «Негіз» ұғымының мәні, екінші сабағында «Кен және металдарды алу» тақырыбы аясында өткізілді.


05.04.2023. Бұл күні химия апталығы басталуына орай бізде хмимя мұғалімдеріміз ашық сабақтар өткізуді бастады. Осы күні мен химия мұғалімі Хасанов Бекжан ағайдың «Қышқылдар» тақырыбында өткізген ашық сабағына қатыстым. Ашық сабақ өте қызықты тапсырмаларға толы, зертханалық тәжірибелермен өткізілді. Оқушылар зертханалық жұмыстарды топқа бөлініп ағайдың бақылауымен өздері жүргізді. Ашық сабақты бақылай отырып мен қажетті әдіс-тәсілдерімді жазып алдым.






Бұл күні өндірістік практика өтеуші 4-курс студенттері ұйымдастырған «Ұлтты ұлықтаған–ұлы тұлға Дінмұхамед Қонаев» атты ашық тәрбие сағатын өтті.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет