07.03.2023. Бұл кұні апаймен мен 10 «В» сыныбына сабаққа қатыстым. Осы сыныптан БЖБ тапсырмасын алдық . бағалау дескрипторы бойынша оқушылардың нәтижелерін тексеріп бағаларын Онлайн мектеп бағдарламасында бағалап шықтым.
9 «В» сыныбында қосымша химия факультатив сабағы болуына байланысты «Қышқыл мен тұздардың әсерінен адам ағзасының қышқылдануы және қартаюы» тақырыбы аясында қызықты мәліметтерді алға тарттым.
10.03.2023. Бұл күні сабақты 7 «В» сыныпқа «Валенттілік. Химиялық формулалар» тақырыбында болды. Мен сабақта оқушыларға валенттілік ұғымын, химиялық формулаларды құрастыру жайында сабақ өттім. Сабақты пысықтау мақсатында оқушыларға әр-түрлі тапсырмалар орындаттым.
13.03.2023. Осы күні мен жетекшіміз рұқсатымен алғашқы ашық сабағымды ұйымдастырдым. 9-сыныптар кремний және оның қосылыстары тақырыбына келген болатын. Менің ашық сабағымның тақырыбы «Кремний қышқылы және оның тұздары» тақырыбында болды. Мен ашық сабағымды сыни ойлау технологиясын дамыту мақсатында, сыни ойлауға арналған тапсырмалар аясында өттім. Сыни ойлаулы дамытуға арналған әдіс-тәсілдер: венн диограммасы, концептуалды кесте, кластер әдістерін қолдана отырып топтық жұмыс орындаттым. Одан басқа сабақта жұптық жұмыстар және жеке жұмыстар орындату арқылы балаларды толықтай бағалауға мүмкіндік туындады.
Одан бөлек 4-курс студенті Алимханова Машхураның «Химиялық байланыстар» тақырыбында өткен сабағына қатыстым. Сабақты талдап қажетті мәліметтерімді алдым. Сабақ соңында қателіктері мен кемшіліктеріне кері байланыс орнаттым.
14.03.2023. Бұл күні мен 10 «В» сыныбына «Жану өнімдері және гомологты қатар бойынша заттардың формулаларын анықтау» тақырыбында сабақ өттім. Оқушыларға органикалық өнімдердің жануын, органикалық заттар жанған кездегі жылу өзгеркіштіктерін жәнеде ең бастысы органикалық заттар мен бейорганикалық заттардың жану ерекшкшеліктерін үйретуге тырыстым. Оқушылардың деңгейіне байланысты әр-түрлі тапсырмалар орындата бастадым. Оқушылардың сабақ барысында тұындаған сұрақтарын топта талқыладық. Өйткені оқушыға жауабын айта салсаң ұмытып қалуы мүмкін, ал оны өзі іздене отырып тапса есінде қалары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |