Өндірістік – педагогикалық практика есебі



бет7/19
Дата03.03.2024
өлшемі2.53 Mb.
#494065
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Практика Есеп Базарбаев Б 2023ж

15.03.2023. 7 «В» сыныпта «Валенттілік. Химиялық формулалар» тақырыбында сабақты жалғастырдым. Оқушылармен әр-түрлі химиялық формулаларды, олардың валенттіліктерін анықтап көптеген есептер шығардық.
8 «В» сыныбында оқу бағдарламасындағы тақырыпқа сай «Ерігіштік» тақырыбында сабақ отілді. Осы күні екі қосымша факультатив сабақтары өтілетін болгандықтан ерітінделер мен ерігіштікке әр-түрлі деңгейде тапсырмалар дайындап келдім. Оқушыларды қадағалай отырып әр-түрлі әдіс- тәсілдер арқылы есептер шығаруды үйреттім.
17.03.2023. Сабақ кестесі бойынша кезекті сабақты 7 «В» сыныбында өткіздім. Бірінші сабағында есептер шығарып талдау жүргіздік ал келесі жартысында 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау алдым. Бағалау дескрипторы бойынша оқушылардың нәтижелерін бағалап оларды Онлайн мектеп бағдарламасына орналастырып шықтым.
Кестеге сәйкес келесі сабақ 9- сыныптарға болды. Олардан да 3- тоқсан бойынша жиынтық бағалау алдық. Бағалау дескрипторына сәйкес оқушылардың нәтижелерін тексердім және бағаларын онлайн мектеп платформасында бағалап шықтым.
9 «А» сыныбында осы күні қосымша сабақтарын пайдалана отырып кезекті ашық сабағымды өткізіп алдым. Ашық сабағымды «Адам ағзасында кездесетін химиялық элементтер» тақырыбында ұйымдастырдым. Осы кезекті ашық сабағым да оқушыларды сыни ойлау дағдысын дамытуға арналды. Сыни ойлауды негізгі стратегиясы: ой толғаныс, мағынаны тану, рефлексия сатылары бойынша жүргізілді. Қолданған әдіс-тәсілдерім: топтастыру, жинақтау, кластер әдістерін пайдалана отырып топтық жұмыс орындаттым. Карточкалар тарату арқылы жұппен және жеке тапсырмалар орындаттым. Әр саты бойынша бағалау дескрипторы презентация арқылы тақтада көрініп тұрды. Оқушылар өзін-өзі бағалау әдісімен бағалап отырды.










27.03.2023. Оқушылар көктемгі дем алыстан кейінгі алғашқы сабақтарымызды жоспар бойынша жүргіздім. Алғашқы химия сабағы 9-сыныптардан басталды. Олар 4-тоқсан органикалық химия бөліміне қадам қоя бастауына орай сабақтарымызды жоспарладым. 9 «В» сыныбына өткен сабақта органика бөлімін толықтай меңгеруі үшін табиғатпен, адам ағзасымен байланыстырырп түсіндіре бастадым. Оқушыларға одан басқа бейорганикалық химия мен органикалық химияның басты айырмашылықтарын кесте күйінде түсіндіріп көрете бастадым. Алғашқы сабақтар органикаға кіріспе ретінде бастапқы түсініктерді толықтай бере алдым.
Одан бөлек 4-курс студенті Балтабай Дана «Оксидтер» тақырыбында өткен сабағына қатыстым. Сабақты талдап қажетті мәліметтерімді алдым. Сабақ соңында қателіктері мен кемшіліктеріне кері байланыс орнаттым







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет