Көрініс: «Еңлік кебек» поэмасынан үзінді.
1-жүргізуші
Міне, Шәкәрім Құдайбердіұлының өз заманында қазақ тарихының үлкен білгірі, шебер аудармашы, ұлы гуманист ақын болғанын байқауға болады. Оның негізгі тарихи туындысы және әдеби шығармалары аса бағалы дерек көзі ретінде маңызын еш уақытта жоймақ емес.
2-жүргізуші
Шәкәрім Абайдың сазгерлік дәстүрін ары қарай жалғастырушы. Шәкәрім жастайынан домбыра тарту, гармонда ойнау, ән айту сияқты өнер түрлеріне ден қойған. Оның әсем сазға толы «Жастық», «Шын сырым», «Анамнан алғаш туғанымда», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» т.б. әндері бар.
Ән: «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»________________
1-жүргізуші
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй», деп ұлы Абай атамыз жыр еткендей, ендігі кезекті әсем әнге берейік.
Ән:»Желсіз түнде жарық ай» бәріміз бірге орындайық.
Осымен кешіміз аяқталды, қош сау болыңыздар!
Тәрбие сағаттың талдамасы
Мерзімі: 21.02.2023 ж
Сынып жетекшісі: Жусупбаева К.
Сынып: 8 «В»
Қатысқандар саны: 25
Тақырыбы: «Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы»
Мақсаты: Оқушыларды қазақ әдебиетіне деген, ғалым – ғұламаларға деген сүйіспеншілігін арттыру. Еліміздің бетке ұстар адамдарын құрметтеу Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Педагогикалық тәрбиелік маңыздылығы: Оқушыларға тақырыпқа сай толық мәлімет берілді. Оқушылардың отанға деген паториоттық сезімін, адамгершілік қасиетін ояту .Елін, жерін сүюге, қазақтың нағыз азаматы болуға, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында түрлі көрнекіліктермен, көріністермен, әнмен қоса ақпараттар берілді. Оқушылар тәрбие сағатқа ерекше атсалысып, шығармашылық қаситтерін, өнерлерін көрсетті. Оқушылар бір – біріне деген, апайларға, деген ыстық лебіздерін білдірді. Тәрбие сағаты жоспарға сәйкес жоғары деңгейде өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |