Өндірістік – педагогикалық практика есебі



бет9/19
Дата03.03.2024
өлшемі2.53 Mb.
#494065
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Практика Есеп Базарбаев Б 2023ж

07.04.2023. Бұл күні. бізде практиканың соңғы күні болғанына орай біз мектепте практика документтерімізді жинап түгендеу жұмыстарымен айналыстық.
Қорытынды
Мен күнделікті сабақтарда әр-түрлі интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыларды сабаққа деген, пәнге деген, білімге деген қызығушылығын арттырып, күнделікті сабақтарыма тиянақты дайындалдым.
Одан бөлек оқушылардың сыни ойлау дағдыларын толықтай жетілдіре түсу үшін мен сыни ойлауға тапсырмалар дайындап келуді жөн деп білдім. Өндірістік практика кезінде оқушылармен сабақтарды интерактивті тәсілде, әрі проблемалық оқыту тәсілдері бойыншада жүргізіп отырдым. Химия пәніне деген қаншалықты қызығушылықтары басым екендігін білу үшін оқушылардын гугл форматында сауалнамалар алып отырдым. Сыныптағы белсенді емес оқушылардың өз ойын еркін жеткізе алуына, қорқынышын жеңе білуіне көмектесе білдім. Сабақтарда жетекшіммен кеңесе отырып, сол кісінің ақылын тыңдай отырып, сабақ өттім. Білікті ұстазымнан практика барысында мол тәжірибе жинақтадым. Оқушылармен жеке–жеке қалай жұмыс жасау керек екендігін, олардың сабаққа деген ынтасын қалай ашу керектігін үйрендім. Практика барысында сабаққа қатысты іс-қағаздар жазуды, қысқа мерзімді сабақ жоспарын, ұзақ мерзімді сабақ жоспарын жазуды және БЖБ мен ТЖБ құрастыруды меңгердім. Сабақты ұйымдастыру, түсіндіру, үй жұмысын сұрау, жаңа технологияларды сабақта пайдалануды, сабақ өту барысында әдіс-тәсілдерді қолдану, кері байланыс жасау, бағалау секілді жұмыстармен толықтай танысып, үйрендім. Сабақтан тыс ашық үлгілі тәрбие сағатын өткізу тәсілдерін меңгердім.
Түркістан қаласы Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернатында өндірістік педагогикалық педагогикалық практикадан өту барысында түсінгенім, мұғалім мамандығы өте жоғары жауапкершілікті, біліктілік пен білімділікті, ұстанымды, мейірімді, сабырлы, әдепті, оқушыларға деген махаббаты, өз пәніне, өз мамандығына деген үлкен жауакершілік пен махаббатты, тиянақтылықты талап ететін жұмыс екендігін білдім. Еліміздің жарқын әрі ақылды, тәрбиелі, білімді жастарының шығуы осы біздің, яғни мұғалімдердің қолында екенін ұқтым.
Осы 8 апталық практиқа барысында мен тек қана оқушыларға білім берімен қатар емес, өзімде мұғалім мамандығын қызықтарымен қиыншылықтарын көрдім. Ұлы ғұламаларымыз айтқандай «Оқушы едім-қорландым, оқытушы болдым-қадірлендім», - демекші шыныменде бір сәтке нағыз құрметке бөленіп мұғалім атандым. Практика барысында менің қателіктеріммен тыңғылықты айналысып, қолдау көрсеткен мектеп ұжымындағы апайлар мен ағайлаыма алғысым шексіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет