Өндірістік – педагогикалық практика есебі



бет16/19
Дата03.03.2024
өлшемі2.53 Mb.
#494065
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Практика Есеп Базарбаев Б 2023ж

6В01512- Химия білім беру бағдарламасы 4-курс студенті Базарбаев Бекзад Сайдивалиұлының 13.02.2023ж-08.04.2023ж аралығында өндірістік-педагогикалық практика кезінде жүргізілген
оқу-тәрбие жұмыстарына байланысты


Мінездеме

Базарбаев Бекзад Сайдивалиұлы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 4-курс студенті, 2023 жылдың 13-ақпанында Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернатына өндірістік-педагогикалық практикаға келді. Практика барысында Базарбаев Бекзадқа химия пәнінің Хасанов Бекжан жетекшілік жасады.


Базарбаев Бекзад практиканың алғашқы күнінен бастап мектеп мұғалімдерімен, оқушылармен тез тіл табысып кетті. Практиканың алғашқы күндерінде Бекзад оқушылардың сабақ үлгерімдерін, мінез-құлықтарын бақылап жүрді. Практика кезінде Бекзадқа 9 «А», «Б», «В» сыныптарына сабақ өту тапсырылды. Сабақ өту барысында оның білімділігін, ұстаздар мен оқушыларға деген сыйластығын, сабырлылығы мен тапқырлығын, оқушыларды өзін тыңдата білу қабілетіне ие екенін байқадық.
Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мектептің барлық мұғалім – қызметкерлерімен тез тіл табыса алды. Методикасы мықты педагог бола білді.Сабақтарында тест тапсырмалары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді.
Сынып жетекшілік міндетін атқару үшін Бекзадқа 8 «В» сыныбы берілді. Күнделікті оқушыларды түгелдеп, көңіл-күйлерін бақылап, оқушылармен тез тіл табысып кетті. Ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 8 «В» сыныбымен «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» атты ашық тәрбие сағатын өтті. 17.03.2023ж 9«А» сыныбына ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылармен топтық жұмыс жасады. Жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып, ашық сабақты жоғары деңгейде алып шықты.
Сонымен қатар практикада Бекзад сабақты қалай өтуді, көптеген қызықты әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сабақтарды түсіндіруді, көрнекі құралдарды қалай пайдалану керек екені туралы да толық игерді. Практика барысында Базарбаев Бекзад педагогикалық практиканы өте жақсы атқарды.

Өндірістік-педагогикалық практика бойынша баға: ___






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет