3.3 Шайқурай (зверобой) шөбінен майлы экстракт алу әдісі
Әдістің мәні: Қою экстракт дегеніміз қою, тұтқыр масса, құрамында 25% көп емес ылғалы бар.Дәрілік шикізатты экстрагирлеу үшін су, этанол, этил эфирі қолданады.
Қою экстрактының технологиясы үш негізгі стадиядан тұрады:
1) сығындыны алу, 2) сығындыны тазалау, 3) сығындыны қоюлту, буландыру.
Реактивтер, приборлар, ыдыстар, оборудование:
1.Колбалар конические 50 және 100 мл;
2. Өлшегіш цилиндрлер 10 және 25 мл;
3. Техникалық таразы;
4. Воронкалар, фильтрлер;
5. Термостат;
6. Тесік шаңқурай шөбі;
8. Рафинилденбеген өсімдік майы;
9. Дистиллденген су.
Экспериментальды бөлім
Шайқурай шөбі сынамасын (20 г) техникалық таразыда өлшеп, (55-650С) қыздырылған 50 мл өсімдік майын құяды, онан соң термостатқа ендіреді. Ыстық тұндыру 2-3 сағатқа қалдырады.Онан соң майды құйып алып, шөпті пресс арқылы сығады. Алынған майлы с ығындыны сүзеді, өлшейді, одан соң әр турлі негіздерде жағар май алу үшін қолданады.
Шайқурай майының емдік эффектісі өсімдік құрамындағы диантрон, гиперицин және псевдогипирицин, сонымен қатар флавоноидтар, эфирлік майлар және смолалы заттардың фитонцидтік әсер көрсетуіне байланысты.Тропикалық ойық жараларды емдеу үшін қолданады.
3.4 Шаңқурай (зверобой) шөбінен алынған майлы экстрактының пайдасы
1. Микробқа қарсы әсер етеді
Бұл май бактерияларды жояды және олардың көбеюіне жол бермейді. Құрамында кәдімгі шайқурай майы бар жақпа күйіктерді емдеуде тиімді.
2. Қабынудың емі болып қабылданады
Қабынуға қарсы тиімді, инфекциямен күреседі.
Кәдімгі шайқурай майы вирустарға, бактерияларға және саңырауқұлақтарға қарсы тиімді. Микоздар, ұшық және теріде пайда болған қабынудың емделуін қамтамасыз етеді.
3. Жараның жазылуын тездетеді
Кәдімгі шайқурай майы жаралардың жазылуын тездетеді. Сонымен қатар бұл май тіннің өзін шамадан тыс қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған талшықты тіннің алдын алады. Кәдімгі шайқурай майы әртүрлі жараны емдеуде қолданылады. Терінің абразиялары бұлардың бірі. Күйіктерді де кәдімгі шайқурай майымен емдеуге болады.
4. Ас қорытуды жеңілдетеді
Асқазанның ойық жарасы мен ісіну проблемаларында кәдімгі шайқурай шайын гастрит, рефлюкс, іш қату және газдың құрысуы шағымдарына қолдануға болады. Кәдімгі шайқурай шайы асқазанның ішінде барьер жасап, асқазан қышқылының әсерін жеңілдетеді және ас қорытуды жеңілдетеді.
5. Депрессияны емдеуде көмекші
Жеңіл және орташа деңгейдегі депрессия мен дүрбелең шабуылын емдеуде кәдімгі шайқурай шайының тиімді екендігі клиникалық зерттеулерде анықталды.
Үнемі дәрі-дәрмек қолданған адамдар пайдаланбай тұрғанда психиатрмен ақылдасқаны жөн.
6. Менопауза шағымдарын азайтады
Әйелдердің ең қиын кезеңдерінің бірі болып табылатын менопауза кезінде кәдімгі шайқурай шайы шағымдарды азайтуға көмектеседі.
7. Кәдімгі шайқурай майының теріге пайдасы
Терінің құрғауында және әсіресе өте жиі кездесетін аяқтың каллусы мен өкше жарықтары үшін кәдімгі шайқурай майын теріге жақсылап уқалай отырып жағу пайдалы.
8. Терінің сапасын арттырады
Кәдімгі шайқурай майын қолдану табиғи майларымен теріні ылғалдандырғанын көрсетті. Қартаюға қарсы әсері бар. Тұрақты қолдану арқылы теріні қатайтады және майда әжімдердің пайда болуын азайтады. Терінің серпімділігін арттырады. Терінің түсін біркелкі етеді.
9. Шаштың түсуіне жол бермейді
Құрамында бай компоненттері бар кәдімді шайқурай майы шаш пен шаш фолликулаларын қоректендіргендіктен шаштың түсуінің алдын алады. Шашты күшейтеді және қалыңдатады. Бас терісіндегі қабыршақтануға, қайызғаққа және экземаға қарсы қолдануға болады.
10. Кәдімгі шайқурай шайын пайдалану кофеин, алкоголь және темекі сияқты тәуелділіктерді емдеуге қолдау береді.
11. Кәдімгі шайқурай шайы менструальды ауырсыну үшін ұсынылады. Сонымен қатар кәдімгі шайқурай шайы етеккір кетіргіш қасиетімен де қолданылады. Кәдімгі шайқурайды етеккір ауруы кезінде шай ретінде таңертең және кешке аш немесе тоқ қарынға тұтынуға болады.
12. Кәдімгі шайқурай шайы түңгі ұйқыңызды реттеуге көмектеседі. Ұйқысы бұзылған адамның түнде ұйықтар алдында кәдімгі шайқурай шайын тұтынуы ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |