Өндірістік II практикасының мақсаты мен міндеттері Практика базасының сипаттамасы


Тесік жапырақ - көпжылдық шөптесін өсімдік



бет7/12
Дата15.12.2023
өлшемі3.69 Mb.
#486786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
шайқурай (1)

Тесік жапырақ - көпжылдық шөптесін өсімдік
Өсімдіктің халық арасында пайдаланылатын атаулары-қоян қаны, тесік жапырақ шайқурайы, сары шайқурай, қызыл шөп, қан, қан, қылшық ағаш. Бір, көп жылдық, шөп сабақтас, жартылай бұта құрайтын өсімдік. Жапырағының сыртында нүкте тәрізді қара кейде мөлдір түсті түктері болады. Күлтесі сары түсті бесеу, аталығы көп. Аналығы жоғары орналасады. Жемісі қос жақтаулы қауашақ. Ұсақ цилиндр тәрізді тұқымы көп. Қазақстанда шайқурайдың 7 түрі бар. Үлкен шайқурай ( H. ascyron L.). Өзендердің жағалауында, тоғайлардың сирек ағашты жерлерінде, тау бөктерлерінде кездеседі. Шілдеде гүлдейді. Тұтасымен улы өсімдік. Варлаковтың (1931) дерегіне қарағанда құрамында алкалоид бар. Халықтық медицинада жер үсті бөлімінен дәрі дайындайды. Гүлінен сары және қызыл бояулар алынады.



Сурет 12 - Hypericum olympicum


Ботаникалық сипаттамасы
Тесік жапырақ шайқурайы өте кең таралған және танымал дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-100 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағының жоғарғы жағы екі қырлы. Бұтақтанған және супротивті жапырақтары бар. Жапырақтары отырыңқы, ұзындығы 0,7-3 см, ені 0,3-1,5 см, жалпақ доғал, көптеген түктері бар. Гүлшоғыры кең сыпыртқы немесе қалқанша тәрізді. Гүлдері алтын сары түсті, 5 тостағанша жапырақтан, 5 күлте жапырақтан тұрады. Жемісі ұзынша жұмыртқа тәрізді, ұзындығы мм, үштік қорапшадан тұрады. Тұқымы майды 1 мм, цилиндр тәрізді қоңыр. Шайқурайдын тұқымы мен гүлін үйкеген кезде саусақта қызыл шырын қалады. Гүлінің формуласы: *Ca(6)CoA()+()+()C(3)
Химиялық құрамы
Тесік жапырақ шайқурайының құрамында өсімдіктің пайдалы қасиеттерінің кең спектрін анықтайтын әртүрлі белсенді заттар табылды. Оны "99 түрлі ауруға емдік шөп"деп те атайды. Шәйқурайдың жер беті бөлігінің құрамында биологиялық белсенді заттар, эфир майы және витаминдер бар. Гүлдеу кезінде жиып алынған шәйқурайдың жеке өзі немесе қоспасы түрлі елдердің ғылыми және халықтық медицинасында кеңінен қолданылып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет