Өндірістік жарақаттану (зардап шегу) және кәсіби ауру мәселелері. Қарастырылатын сұрақтар: Жарақат және жарақат түрлері



бет6/6
Дата03.01.2022
өлшемі301.68 Kb.
#450391
1   2   3   4   5   6
Өндірістік жарақат алу. Өндірістік жарақат алуды азайту жолдары.

Шб=Σ Шж+ Σ Шк.а; мұндағы

Шб – барлық шығын;

Σ Шж – есеп мерзіміндегі жарақаттан келген барлық шығын;

Σ Шк.а – есеп мерзіміндегі кәсіби аурулардан келген барлық шығын

Өндіріс саласы оның ішінде химия өндірісінің саласы әртүрлі болғандықтан, ондағы болған өндірістегі  жарақаттану  мен  кәсіби   ауруларда  әртүрлі сипатта болады.Бақытсыздық жағдайлар – бұл жұмысшығаөндірістегі қауіпті фактор әсер етуіне байланысты болған жағдай. Олар:  өндірістік   және   өндірістік  емес деп бөлінеді. Егер бір смена уақытында бақытсыздық жағдайлар болса, өткір  аурулар , ал ұзақ уақыт нәтижесінде болса, созылмалы деп атайды. 

Егер санитария ережесі бұзылса, адамға еңбектің кеселді жағдайы әсер етіп мамандық  ауруларына  ұшырайды. Өндірістің қауіпсіз  және  еңбек жағдайларын жасаудағы аталған жұмыстарын талдау үшін баршаға ортақ өндіріске байланысты болған бақытсыз жағдайлар  кәсіби   ауруларды  жапа шеккендер үшін берілетін есептің тәртібі бар. Сол тәртіпке сәйкес әрбір денсаулық сақтау орындары жылына бір рет өзінің басшылық органдарына статистика басқармасы болған бақытсыз жағдайлар мен  кәсіби  аурулардың  қанша рет болғанын абсолют саны туралы мәліметтер беріп отыр. Абсолют саны жарақат деңгейімен динамикасы жөнінде мәліметті толық бермейді, себебі әр өндірісте жасалған жұмысшы саны әртүрлі.

Кәсіби ауру дегеніміз- өндірістегі зиянды факторлардың аз мөлшерде бірақ ұзақ уақыт бойы әсер етуінен еңбеккердің денсаулығының нашарлап, жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін аурулар. Белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін.

Кәсіптік зиянды әсерлер тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 – 20 мин), техникалық шараларды іске асыру – Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеум. қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. 

Кәсіби зияндылықтар еңбеккердің денсаулығына келтіретін әсеріне байланысты 4 топқа бөлінеді:
  • Өндірісте пайланылатын жабдықтар мен материалдардың ерекшеліктеріне байланысты
  • Өндірістегі еңбек кестесіне, ережесіне, еңбек ету ерекшеліктеріне байланысты.(
  • Жұмыс бөлмелерінде метеорологиялық жағдайлары мен санитарлық- гигиеналық жағдайларына байланысты
  • Өндірістік саланың ерекшеліктеріне байланысты

Назаларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет