Өндірістік тәжірибе Күнделігі Өндірістік тәжірибе атауы: «Ішкі аурулар пропедевтикасы» Мамандық: 09120100 "Емдеу ісі" Біліктілігі: 4809120101 "Фельдшер"



бет3/5
Дата16.02.2024
өлшемі72.94 Kb.
#492156
1   2   3   4   5
Махметов Ернар1

1. Паспорттық бөлім:
Аты-жені Досым Аружан
Жынысы: әйел адам
Жасы 8
Туған күні, айы, жылы 17.02.2005 ж
Тұрақты мекен-жайы ШҚО, Семей қаласы, Павлодар көшесі, 8 үй
Ұлты Қазақ
Қантобы 1 Rh+
Дәрілерге аллергиясы жок
Ата-анасының атынжені анасы Байжанова Б. К
Ата-аналарының тұрақты мекен-жайы ШҚО Семей қаласы. Абай көшесі, 8 үй
Жұмыс орны жане мамандығы анасы №26 орта мектеп, бастауыш сынып мугали Ауруханаға түскен күн 18.09.2013 жыл уақыты 1210
• Тускен кезден диагнозы обструктивті бронхит
• Болжам дигноз обструктивті броккит
Клиникалық диагноз: ЖРВИ. Обструктивті бронхит, орташа ауырлық дәрежесі > Қорытынды диагноз ЖРВИ. Обструктивті бронхит, орташа ауырлық дәрежесі
• Асқынулары жоқ
* Қосымша аурулар: жоқ
Аурудың аяқталуы сауығу
Ауруханадан шыққан күні: «30» қыркүйек 2013 жыл
Ауруханада жатқан күндер саны. 13
Курацияның басталған күні «24» қыркүйек 2013 жыл
Курацияның аяқталған күні. «30» қыркүйек 2013 жыл
ІІ. Науқастың шағымдары
Курация кезінде: жотел, қақырық, тусγι
III. Аурудың даму тарихы (Апamnesis morbi)
Анасының айтуы бойынша, баланың ауырғанына 10 күндей болған. Жетелу, ентігу, ауа жетпей мазасыздануына байланысты жанұялық, дәрігерге қаралған жане дәрігер тағайындауы бойынша ем алган цефазолин 4 күн бұлшық етке енгізген Аллерголог дәрігердің кенесі берілген, нозейлин, «Аква-марис» қабылдаған жағдайы нашарлап, анасымен медициналык, орталыққа келіп, бөлім меңгерушісі Ертуспаева Г.К. кеңесімен 18.09.2013 куні педиатрия бөліміне жатқызылды.
IV. Өмірі туралы анамнез (Anamnesis vitae)
Бала жасына сай дамыған. Егулер өз уақытымен жүргізілген. Отбасында 1 бала, 1 жүктіліктен, жүктілік қалыпты өткен Аллергоанамнезі белгісіз
Басынан өткерген аурулары: ЖРВИ, баспа, бронхит, артрит

Инфекциялық, науқастармен байланыста болмаган


Тұқым қуалайтын аурулары жок. Гемотрансфузия жүргізілмеген. Спецификалық, аурулары
1. Отбасылық анамнез
2. Ата аналарының жасы анасы Байканова Б.К. 30 жаста
3. Ата аналарының денсаулыкы калыпты, спецификалык, жане тұқым қуалайтын аурулары жок
4. Отбасында жалмых. 1 бал
VІ. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы
1. Өмір сүру жағдайыс қанағаттанарлық
2. Үйде тұратын отбасы мүшелерінің саны 3
3. Үй жағдайы: құрғақ, жарық, жылы, уақытында желдетіліп отырады. Баланың жеке төсегі, тесек орны бар.
4. №26 орта мектепте 3 сыныпта оқиды.
5. Күн тәртібіс сақталады. Тамақтану рационы кең
VII. Объективті зерттеулер (Status praesens)
Науқастың жалпы жағдайы обструктивті синдромға байланысты орташа ауырлықта Төсектегі қалпы белсенді, есі анық, Ұйқысы қалыпты, тәбеті сақталған.
Тері жабындылары қызғылт, таза. Тері асты май қабаты қалыпты, біркелкі. Тургор қалыпты. денесінде бертпелер, жарықтар, пигментация жок
Склерасы ақ түсті. Тілі ақ, жабынмен жабылған, ылғалды арасында шамалы гиперемия байкалада.
Бұлшық етінің дамуы, тонусы қалыпты. Пальпация кезінде ауырсынбайды, контрактура, тығызданулар жок,
Дене бітімі: нормостеникалык, кеуде клеткасы қалыпты, цилиндр пішінді
Суйектері қалыпты деформациясыз. Буындарының конфигурациясы қалыпты буын
Лимфа түйіндері ұлғаймаған, консистенциясы жұмсақ, ауырсынусыз
Бойы: 131 см
Салмағы: 26 кг
Дене температурасы 36,6°C
ТАЖ. 24 рет/мин
ЖСЖ: 80 рет/мин
Тыныс алу жүйесі
Жалпы қарау:
Тыныс алуы: мұрын арқылы тыныс алуы құлындаған. Мұрыннан шырыш белінуі бар жетелі бар, ентігу жоқ, Тыныс алу типі кеуделік
Кеуде клеткасының формасы: нормостеникалық, цилиндр тәрізді екі жағы симметриялы тыныс алу актісіне бірдей қатысады.
Пальпация:
Ауырсынусыз, кеуденің серпімділік қасиеті жақсы, дауыс дірілі барлық, аймақтарда бірдей сезіледі.
Перкуссия:
1. Салыстырмалы перкуссия.
Кеуденің симметриялы орындарында екі жағында да ашық, өкпелік дыбыс естіледі.
Аускультация:
Жүрек тондары анық, шулары жоқ, қосарланған дыбыстар жоқ, ырғағы дұрыс.
ЖСЖ 80 рет/мин
Ас қорыту жүйесі
Жалпы қарау:
Тілі ылғалды, ақ, жабынмен жабылған, жұтынуы еркін тіл, қызыл иектің қанауы жоқ Бадамшалары ұлғаймаған.
Аузынан жағымсыз иіс сезілмейді
Тістері сүт тістер, бүтін емес, 3 тісінде тісжегісі бар
Тәбеті сақталған
Іші дұрыс пішінді, симметриялы.
Кіндікте сыртқы шап жане сан тесіктерінде патология жок. Сарғаю байқалмайды Нажісс ретті, пішінді, коныр түсті

Бүгін клиникалық тәжірибенің үшінші күні. Сағат 8:00 –де WhatsApp мессенджері арқылы тәжірибе жетекшісіне белгіленіп, платформаға кіріп тапсырма орындауға кірістім.


Тыныс алу жолдарының аурулары бар науқастарды зерттеу


Науқас Шаяхметов Бекзат
қаралды: дене қызуының 37.5 С –ке көтерілуі, кеуде сарайының төменгі бөліктерінің ауырсынуы, кілегейлі қақырық бөлінетін күшті жөтел, ентігу, тершеңдік, жалпы әлсіздік.
Диагноз:жедел бронхит
Анамнезінен: ауруы жедел, тұмаумен ауырған досына барған соң, б28жаста
Жынысы : әйел
Қызметі: Аспазшы
Шағымдармен ас ауруынан, мұрын бітелуінен, түшкіру мен дене қызуының 38,5 C- ке көтерілуінен басталған. Объективті зерттегенде өкпенің төменгі бөліктерінде қатқыл тыныс негізінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіліп, дәрігер жоғарғы тыныс жолдарының жедел респираторлық вирустық ауруы (ЖРВА) диагнозын қойып, ацетилсалицил қышқылын 0.5 грамнан 3 рет тәулігіне тағайындап, жұмысқа жарамсыздық қағазын берген (емханалық картасынан). Қан анализі, кеуде сарайының рентгендік зерттеуі жүргізілмеген. Бір аптадан соң жағдайы нашарлап, жоғарыдағы шағымдармен стационарға түсті.
Объективті: кеуде сарайы тыныс актісіне бірдей қатысады, перкуссияда айқын өкпе дыбысы, аускультацияда қатқыл тыныс негізінде шашыраңқы ызыңдаған құрғақ сырылдар тыныс алу фазасында басым және шашыраңқы ысқырықты сырылдар естіледі.
Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында өкпе суреті шамалы күшейген, басқа өзгерістер жоқ.
Сұрастыру

Науқастың арыз шағымдар. Тыныс алу ағзалары ауруларымен сырқаттанған науқастар кеуде қуысының ауруына, құрғақ немесе ылғалды, яғни қақырықты жөтелге, ентігуге, кан түкіруге, дене қызуының көтерілуіне, жалпы әлсіздікке шағымдануы мүмкін.


Кеуде тұсының ауыру сезімі (dolor) өкпе қабының зақымдану кезінде құрғақ плеврит, ылғалды плевриттің бастапқы кезеңі, өкпе қабының бір-біріне жабысқанында, плевра өспелерінде және кейбір плевра қабынуымен өтетін өкпе ауруларында (өкпе инфаркті, өкпенің крупозды қабынуы, өкпенің қатерлі ісігі, өкпе туберкулезі және т. б.) кездеседі.


Өкпе қабынан пайда болған ауру сезімі тыныс алу әрекетіне


тікелей байланысты болғандықтан ол терең тыныс алғанда күшейе түседі. Ауыру сезімі жөтелгенде, ауыратын жағына қарай науқас а…


Кеудені қарап тексеруді белгілі бір ретпен жүргізу қажет. Алдымен кеуде клеткасының пішінін, бұғана үсті және бұғана асты ойықтар- дың, жауырындардың орналасуын бағалаймыз. Содан соң барып тыныс алу түрін, терендігін, жиілігін және ырғағын сипаттаймыз. Сондай-ак тыныс алу кезіндегі оң және сол жақ жауырындардың, кеуденің клеткасының оң жақ және сол жақ бөліктерінің қозғалуы бірдей болуын және де қосымша тыныс алу кезінде кеуденің бұлшық ты жарық бөлмеде беліне дейін шешіндіріп, көріп зерттеу міндетті түрде жүргізілуі тиіс.


еттерінің тыныс алу актісін 87а из 569 ерттей карау керек. Наукас-


Пальпация

Пальпация әдісі төмендегі ауруларда: миозитте, қабырға аралық невралгияда, қабырғалар сынған кезде, кеуде сарайында ауыру сезімінің пайда болу себебін анықтауға жәрдемдеседі. Сол сияқты өкпе эмфиземасы мен қабырға шеміршектерінің қатаюы кезіндегі оның серпімділігін, кей кезде құрғақ плевритте қолмен сезілетін үйкеліс шуылын және дыбыс дірілінің кеуде клеткасына таралуын болжау үшін қолданылатын аса маңызды тәсіл.


Сонымен қатар науқасты көріп қараған кезде, кеуде сарайының пішінін, оның өлшемдерін, тыныс қимылдарының көлемін болжау, плевра қуысында сұйықтық жиналуын, тері асты эмфиземасы кезіндегі сықырды анықтауға қолданылады.


Пальпацияны екі алақанмен, я болмаса саусақтардың алақан беттерін кеуде клеткасының сол және оң бөліктеріне симметрия- лық аймақтарына қойып жасайды. Қолдардың осылай орналасуы- мен кеуденің тыныстық, қимылы, кеуде клеткасының бір бөлігінің екіншісінен қалып қоюын, сол сияқты эпигастралды бұрыштың өлшемін анықтауға болады. Бұл кезде бармақтардың алақан бетін қабырға доғалары бойымен қатты жанастырып басып, саусақ ұшта- ры олардың семсер тәрізді өсіндісіне тіреледі. Қабырғалар сынған кезінде ауыру сезімі шектелген аймақта, яғни тек қана сол орнында анықталады; қабырға сынықтары қимылдағанда сықырлағаны естіледі. Қабырға аралык нервтердің қабынуында да ауыру сезімі


Перкуссия

Перкуссия жасаған кезде науқас тік тұруы немесе отыруы тиіс.


Тік тұрған кезде қолдарын денеден төмен жерге қарай салбыратып


ұстайды, отырған кезде қолын тізеге қояды. Жоғарғы иық белдеу


бұлшық еттерін босан ұстау керек, егерде бұлшык, еттері ептеп қана


жиырылған болса, ол кезде перкуторлық дыбыс өзгеріп шығады.


Әлсіз науқастарды перкуссия жасағанда аздап болса да қолмен деме


тұруы керек. Егерде халі нашар жағдайдағы аурулардың отыруға


шамасы келмесе, (өкпеден қан кету, миокард инфаркті, мидың кан


айналымы бұзылғанда т. б.) перкуссия науқастың кеуде клеткасы


ның алдыңғы бетімен қолтық алды және ортасында ғана жасалынады.


Перкуссия жасаған кезде науқастың тыныс алуы еркін болуы тиіс.


Дәрігер науқастың оң жағынан тұрып, немесе отырып перкуссия


әдісімен науқасты тексереді. Міне осылай өкпеге салыстырмалы және


топографиялық, перкуссия жасалынады. Салыстырмалы перкуссия


әдісі өкпе қабы куыстарының патологиясын анықтауға мүмкіншілік


береді. Топографиялық, перкуссия әдісімен өкпенің шекараларын,


әсіресе оның төменгі жиегінің тыныс алуға байланысына сәйкес


қимыл қабілетін анықтайды.


Салыстырмалы перкуссия әдетте белгілі бір төртіппен жасалына- ды. Кеуде клеткасының симметриялық орындарына бірдей күшпен перкуссия жасалынады. Әдетте перкуссия орташа күшпен жасалуы тиіс, бұл кезде симметриялық, жерлерден өкпеден ашык перкутор- лық дыбыс шығады.


Аускультация

Тыныс алу жүйесін тыңдап, яғни аускультация жасап алған мәліметтеріміз негізгі және қосымша тыныс дыбыстары болып екіге бөлінеді. Негізгі тыныс дыбыстарына везикулярлы, бронхиалды және аралас тыныс түрлері жатады. Ал қосымша дыбыстарға сырылдар, сықырлар, өкпе қабы үйкеліс шуылдары жатады.


Өкпе аускультациясын стетоскоп, фонендоскоп арқылы немесе тікелей құлақты қойып тыңдайды. Аускультацияның түрлері, онын ережелері туралы бұрын толығырақ, кітаптың жалпы тарауында жазылған болатын.


Аускультацияны науқастың жағдайына байланысты жасайды. Науқастың арт жағынан тыңдағанда, оның қолын алдынан кеудесіне қойғаны тындаушы үшін өте ыңғайлы болады. Бұл кезде жауырын- дар екі жаққа ажыратылғандықтан өкпенің тыңдайтын көлемі кеңиді. Жағдайы нашар науқастарды шамасына қарай, бүйіріне жатқызып та тыңдауға болады, егерде мұндай мүмкіншілік болмаса, фонен- доскопты науқастың арқасына қарай сұғып үстау керек. Негізі дыбыстарды сипаттама жасағанда науқас аузымен тыныс алуы керек, ал қосымша тыныс дыбыстарын тыңдағанда науқастың аузы ашық болуға тиіс. Егер дәлдеп айтсақ тыңдаған кезде науқасқа терең дем алғызу керек, бұл жағдайда сырқат адамның басының айналуы мүмкін, сондыктан дәрігер бос қолымен науқасты аздап болса да демеп тұрғаны орынды болады.


Дәрігер науқасқа қарағанда өзі ыңғайлы орналасуы керек. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін салыстырмалы аускультация жасалынады, яғни өкпені кеуденің симметриялық аймақтарында және тыңдайтын орындарды белгілі бір жүйемен жүргізеді.


Аускультация жасау ережесі. Өкпені тыңдағанда алдымен науқас- тың оң және сол жақтан естілген дыбыстарды салыстыра отырып, алдынан өкпенің екі ұшын тыңдайды. Содан кейін тыңдайтын аспабын төменірек қойып, көрсетілгендей қабырға аралықтарынан тындайды. Одан әрі қолтық асты, жауырынның жоғарғы, екі жауырын аралық, астыңғы аймақтарын салыстырмалы тындау арқылы жүргізеді .


Тыныс алу нәтижесінде пайда болған өкпедегі дыбыстарды тың- дағанда, дыбыстың түріне, күшіне, орналасуына және дыбыстар- дың дем алған кезінде, оның жалпы сипатына назар аудару қажет.


Бүгін клиникалық тәжірибенің төртінші күні. Сағат 8:00 –де WhatsApp мессенджері арқылы тәжірибе жетекшісіне белгіленіп, платформаға кіріп тапсырма орындауға кірістім.

Жүрек қан тамыр ауруларымен ауратын науқастарды тексеру






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет