Өндірістік тәжірибе Күнделігі Өндірістік тәжірибе атауы: «Ішкі аурулар пропедевтикасы» Мамандық: 09120100 "Емдеу ісі" Біліктілігі: 4809120101 "Фельдшер"



бет4/5
Дата16.02.2024
өлшемі72.94 Kb.
#492156
1   2   3   4   5
Махметов Ернар1

Сұрастыру

Науқастың арыз шағымдары. Жүрек ауруының жиі кездесетін шағымдарының бірі - ентігу. Бұл қан айналымы қызметінің жетіспеушілігін көрсететін бірден бір белгі болып есептеледі. Ентігуге қарап жүрек қызметі жетіспеушілігінің шамасын анықтауға болады. Жүрек ауруының бастапқы сатысында ентігу тек организмге физикалық күш түскен кезде білінеді. Кейінірек ол сөйлесу кезінде де, ас ішкеннен кейін де, жүрген кезде де біліне бастайды. Ал асқынған жүрек ауруларында ентігу тыныш отырған кезде де болады. Ентігу тыныс алу орталығын қоздыратын бірнеше себеп-шарттарға байланысты өрбиді. Ентігу кезінде тұншығу пайда болуы мүмкін, мұны жүрек демікпесі деп те атайды. Бұл ұстама тыныштық кезде де, физикалык және эмоционалдық күш түскеннен кейін де пайда болады, сол си…




Қарап тексеру

Науқастарды тексеріп қарағанда жүрегі, қан тамырлары ауыра- тын аурулардың өзіне төн көп белгілері байқалады.


Аурудың жалпы сыртқы түріне, төсектегі қалпына, терісі мен көрінетін кілегейлі қабықтарының түсіне, ісінудің бар-жоғына, нау- қастың саусақтарының пішініне, "барабан таяқшасы" түрінде, іштің конфигурациясына және т. б. жағдайларға көңіл аударылады. Жүрегі ауыратын науқастар жүрек қызметінің жетіспеушілігі пайда болмай тұрғанда, ешқандай шағым айтпайды. Науқастың қалпы: жүрек қызметі жетіспеушілігінің айқын белгілері шыққан кезінде наукастар төсекте жатқанды қалайды, әсіресе төсектің бас жағы көтеріңкі болғанын


ұнатады. Науқас шалқайып оң жағына қарай жатады, өйткені сол жағына жатса, жүрегі кеудеге тығыз тақалып, жағымсыз сезімде…




Пальпация

Жүрек ұшын және жүрек дүмпуін пальпация әдісімен тексеру. Паль- пация арқылы жүрек ұшының түрткісін, жалпы жүректің соғуын жүрек тұсындағы пульсацияларды, кеуде дірілін анықтауға болады. Жүрек ұшының түрткісін анықтау үшін оң қолдың алақанын жүрек тұсына қоямыз, саусақтар қолтыққа бағытталып үшінші, төртінші қабырғалар аралығында жатуы тиіс. Алақан жүрек ұшын басып жатуы шарт. Сонымен жүрек ұшын анықтаған соң, оның жалпы сипатына мән беруіміз керек. Пальпация жасағанда жүрек ұшының жатқан жерін, оның аумағын, күшін, биіктігін, серпімділігін зерттей қарай- ды. Ол үшін жоғарыда айтылған оң қолдың үш саусағының ұшы- мен жүрек ұшы тұрған нүктені дәл анықтап белгілеу керек. Егер жүрек ұшының түрткісі едәуір жерді алып көлбеп жатса, ең сы қы, төменгі нү…






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет