Өндірістік тәжірибе Күнделігі Өндірістік тәжірибе атауы: «Ішкі аурулар пропедевтикасы» Мамандық: 09120100 "Емдеу ісі" Біліктілігі: 4809120101 "Фельдшер"



бет2/5
Дата16.02.2024
өлшемі72.94 Kb.
#492156
1   2   3   4   5
Махметов Ернар1

Пальпация - қолмен сезу арқылы тіндер мен ағзалардың физика- лық қасиеттерін, олардың өзара топографиялық орналасуын, сезімталдығын және организмдегі кейбір функционалдық құбы- лыстарды зерттейтін клиникалық әдіс.

Бұл әдіс ертеден, Гиппократ дәуірінен белгілі болған, бірак дәрігерлер оны тек сыртқы ағзаларды, патологиялық ісіктерді және пульстің қасиеттерін анықтау үшін ғана қолданған. Ішкі ағзалардағы физиологиялық құбылыстарды анықтауда пальпация әдісі тек соңғы кезде, яғни XIX ғасырдың ортасында дауыс дірілін және жүрек үшы соққысын анықтауда, ал XIX ғасырдың соңында іш қуысы ағзала- рын зерттеуде қолданыла бастады


Перкуссия (латынша percussio - "тері аркылы") соғып не қағып қарау дегенді білдіреді. Бұл әдіс Гиппократ заманында белгілі бол- ғанымен, кеңінен қолданылмаған. Алғаш перкуссияның клиник лық зерттеудегі маңызына көңіл бөлген австриялық дәрігер Л. Ауэн- бругтер (1722-1809) болатын. Оның латынша жазылған "Кеудедегі жасырын жатқан ауруларды адамның кеуде клеткасын соға отырып табуға болатын жаңа әдіс" трактаты 1761 жылы жарық көрген.

Л. Ауэнбругтерді перкуссия әдісіне мына тарихи жағдай алып келген көрінеді. Оның әкесі мейрамхана иесі болған. Баласын шара- бы бар бөшкелерден шарап алып келуге жұмсап отырған. Бөшкедегі шараптың көлемін анықтау үшін Жан Леопольд бөшкелерді соғып қараған. Кейін, дәрігер болған шақта, осы әдіс оның есіне түсіп, оны өкпедегі жиналған су деңгейін анықтауда қолданған. Л. Ауэнбруг- гер сау өкпе мен өкпе эмпиемасы ауруы кезіндегі перкуторлық ды- быстарды салыстырған, "қолдың алақанын жазып, бір-бірімен біріктіріп ұстаған саусақтарыңыздың басымен кеуде клеткасын жай- лап, асықпай соғып қараған кезде, жүрек тондарының өзгеруі іштегі өзгерістер туралы мәлімет береді" деп жазған. Өкінішке орай ғалым- ның орасан маңызды еңбегі сол уақытта дұрыс бағаланбаған, елу жыл бойы клиникаларда қолданылмаған.




Аускультация (латынша auscultatio тыңдаймын деген сөз) организмдегі өзінен-өзі пайда болған дыбыстарды, көбінесе ауалық, сұйықтық қозғалыстардың дыбыстарын тыңдау. Бұл әдіс Гипп раттан бастау алады. Оның еңбектерінде плевраның үйкеліс шуылы "теріден жасалған белдіктің сықырына", ал ылғалды сырыл уксус тың қайнаған кезіндегі дыбысына ұқсатылған. Алайда, ол мәліметтер бүгінгі күнге толығымен жетпеген.

Аускультация әдісінің негізін қалаған француз дәрігері Рене Теофил Гиацинт Лаэннек (1781-1826). Ол алғаш рет стетоскопты (тында- ғышты) (stethos кеуде, scopeo - қараймын) қолдануды ұсынған. Мұндай ой Р. Лаэннекке 1816 жылы келген, өзі былайша жазады: "Консультацияға келгенімде әйелдің толықтығынан тікелей аускуль- тацияны жүргізу қиынға түсті. Сол кезде маған жаңа ой келді: дәптерді дүрбі тәрізді етіп жиырып, екінші шетін науқастың жүрегіне тақадым. Жүрек соққысын ап-анық естігеніме таң қалдым да қат- ты қуандым". Лаэннек кейін осы әдісті терең зерттеп, өкпе мен жүрек аурулары тұсындағы дыбыстарды жазып кеткен. Белгілі кли- ницист, педагог Р. Лаэннектің еңбектері күні бүгінге дейін маңы- зын жойған жоқ. Лаэннек ұсынған стетоскоп ұзына бойы диаметрі бірдей, ұзындығы 33 см ағаш түтік болатын. Кейіннен оның құры- лысы талай рет өзгеріп, қазіргідей қалпына жеткен


Тәжірибе уақыты аяқталды. Күнделікті платформаға жүктедім.

Бүгін клиникалық тәжірибенің екінші күні. Сағат 8:00 –де WhatsApp мессенджері арқылы тәжірибе жетекшісіне белгіленіп, платформаға кіріп тапсырма орындауға кірістім.


Тест тапсырмаларын орындадым




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет