Өнер философиясы Эстетика (грек. Aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым



бет1/4
Дата11.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#498408
  1   2   3   4
Философия пәнінен "Эстетика. Өнер философиясы" тақырыбында авторлық материал


Өнер философиясы
Эстетика (грек. Aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, ежелгі Грекия мен Римде дамыған.
Ойшылдар адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім арқылы әсерлене қабылдайтындығын байқаған. Соның барысында белгілі бір көңіл күйлері — таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, әзілдеу, тебірену, толқу және т.б. болғандығын тілге тиек еткен. Әрі сол күйлердің өлімге деген таза танымдық қатынастан өзінің сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін білген. Осы тебіреніс-толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында ежелгі дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, "сұлулык", "әсемдік", "асқақтык" және оған қарама-қарсы "сұрықсыздық", "мешеулік", сол сияқты "трагедиялық" жөне "комедиялық" туралы алғашқы түсініктер қалыптасады.
А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір көрініс табатын саласы өнер деп қарастырған. Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген.
Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы — адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі өнермен бірге жасасып келеді.
Александр Готлиб Баумгартен
неміс ойшылы
Адамның дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінуі бір-бірімен тығыз байланысты үш нәрседен тұрады:
*объективті шындықтағы эстетикалық ұғым
*субъективті эстетикалық үғым (эстетикалық сана)
*өнер (субъективті және объективті эстетикалық ұғымдардың бірлігі ретінде).
Эстетика эстетикалық сана мен өнердің қоғамдық болмысқа, адам өміріне көзқарасы туралы мәселені шешуді басты назарға қояды, өнердің табиғаты мен көркем шығармашылық процесінің түрлі жағын: өнердің шығу тегін оның мәнін және қоғамдық сананың басқа формаларымен байланысын, оның тарихи заңдылықтарын, көркем образдың ерекшеліктерін, өнердің мазмұны мен форманың өзара байланысын, көркемдік әдіс пен стильдің маңызын, т.б. ғылыми тұрғыдан ашып көрсетеді.
Өнердің шынайы мәнінің діңгегі — сұлулық, әсемдік. Сұлулык, әсемдік — адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Өнердің басты мақсаты — қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын (идеалын) беру әрі соған адамды талпындыру, құштар ету. Эстетика этикамен өнер мен өнегелілік қалай байланысты болса, солай тығыз байланысты. Өйткені өнер адам сезіміне әсер ете отырып, оны адамгершілік, ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөлену барысында жанымыз тазарады.
Ендеше, эстетиканы оқытудың, яғни эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты — адамдарда өзінің айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу, бағалай және қабылдай білу қабілетін арттырып, сұлулық заңдарына сәйкес өмірді жаңартып, өзгертіп отыру, сөйтіп өнер арқылы ізгілікке ұмтылдыру.
Өнерді екіге бөліп қарастырамыз: таза өнер—еркін өнер және кәсіби өнер—табыс үшін жасалған өнер.
Өнер бейнелері қоғамды алға бастайды және көркемөнер адамдардың өзін-өзі тану құралы болуы мүмкін. Керемет көркем бейнелер мәдени символдарға да айналады: Мастер мен Маргарита, Қозы мен Баян т.б. Шынайы туындылардың көркем бейнелері тек өз уақытында ғана емес, келер кезеңдердің бәрінде де өзектілігін жоғалтпайды. Этикада тікелей тәлімдік тәрбие басым болса, эстетикалық тәрбиенің ерекшелігі жанама түрде әсер етуінде, яғни тұлға көркемөнер туындыларынан ой түйіп, соның әсерінен өз қалауымен жол табады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет