Неізгі эстетикалық категорияларға әсемдік, сұлулық, үйлесімділік, асқақтық, трагедиялық, комедиялық, эстетикалық мұрат жатады. Антикалық эстетиканың орталық категориясының бірі «гармония» ұғымы Гомердің «Одиссеясында» нақты заттық мағынада қайықтың ағаштарын біріктіретін шегені білдірген, ал «Илиадада» ол қосымша мағынаға ие болып, адамдар арасындағы келісім, тыныштықты білдірген. Кейіндеу Пифагор мектебінде гармония ұғымы ішкі үйлесімділік деген мағынаға ие болған.
Трагедиялықты кең мағынада әлеуметтік дисгармония, яғни асқақтық пен мешеуліктің, еркіндік пен қажеттіліктің, сұлулық пен сұрықсыздықтың күресі деуге де болады, қатты күйзелістерді бастан кешіріп, қайғы көру адамның санасын електен өткізіп, жан сарайын тазартады. Комедиялық жаңа мен ескінің, мақсат пен оған жету жолдарының, адамның шынайы табиғаты мен оның өзі туралы пікірлерінің бір-біріне сәйкессіздігінен байқалады.
Катарсис (грекше "тазару") — адам жаны мен тәнін тазарту, рухтық жөне ағзалық жаңаруды білдіретін ұғым. Катарсис ұғымы антикалық философиядан алынған.
Антикалық эстетикада катарсис адамға өнердің қалай әсер ететіндігін көрсету үшін пайдаланылған. Онда катарсис әсіресе музыка, поэзия мен трагедияның адамның рухы мен жанын тазарту жолындағы маңызын білдірген. Көне гректер катарсисті денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту жүргізу әдістері деп қарастырған. Нақты медициналық мағынасымен қатар катарсис эстетикалық ұғым деңгейіне көтерілген сөз. Пифагор жөне оның жолын қуушылар адам жанын кесапаттан тазарту үшін белгілі бір жүйемен алынған әуен, музыканы қолдану жолын ұсынған. Олардың түсінуінше, музыка — ғарыш үндестігінің жердегі көрінісі болғандықтан, тек жан сарайын тазалап қана қоймайды, сонымен қатар ағза ауруларынан да арылуға әсер етеді деп білген. Пифагор көне грек философы, музыкадағы акустиканы мамематикалық
заңдылықтармен қолдануды ашқан.
Көне гректер адамгершілік қасиеттерді, мейірімділікті сұлулықпен тікелей байланыстырғысы келді. Соның нәтижесінде көне Грекия мәдениетінде