«Қос ақиқат» идеясының негізгі мәні философиялық және діни ақиқат әртүрлі екенін айту, негізгі мақсаты философияны діннің шармауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру, ол парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, сонымен бірге ол философтарды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдардың діни сенім нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін.
Ибн Араби, лақап есімі: шейх әл-Әкбар – “ұлы шейх” (1165-1240) – батыста туылған араб ойшылы, ақын, ортағасырлық сопылық ағымының ықпалды өкілдерінің бірі. Барлық заттардың біртұтас мәні бар деп санады. Оның пікірінше, бұл мән құдайлық субстанцияны бейнелейді, ол таклидті, яғни көпшілік жұрт тәжім ететін адами беделді бекерге шығарады. Ибн әл-Араби сопы болғандықтан, құдайды жоғарғы, абстракциялық ақиқат арқылы тануға болады дейді. Ең басты еңбегі: «Суфизмнің энциклопедиясы» деп алып кеткен 4 томнан тұратын “әл-Футухат әл-Маккийя”, және «Даналық мөрі».
«Кітабымда орын алған нәрселер ақылды іске қосу немесе ойлану арқылы емес, олар маған жүрегімдегі уахи періштесінің дем беруімен жеткен», «жазғаным және әлі де жазып жатқан барлық нәрсем маған Құдайлық рухтан рухыма үрленуімен жазылды...Рухтың үрленуі ауызша шабыттанудан едәуір жоғары деңгейде».
Ибн Араби Хақ пен адам арасындағы қатынасты суфистік дәстүрде қарастырған. "Дүниедегі істің бәрі адамға қатысты, бірақ бұл білімді білуге тиіс болған ғана біледі, оны білуші — кәміл адам. Мұны білуге болмайтындар білмейді, ол — хайуан адам".
"Адам өзін тани отыра, сол арқылы өзінің жаратушысын таниды".
«бәрі жаратылған (халқ) немесе бірі Жаратушы (хаққ)… екеуінің арақатынасынан хақиқат шықпақ… ақиқат халқ (жаратылған) пен хаққтың (Құдай) бірлігі туралы сана»
Мавлана Жалал ад-Дин Мухаммад Руми - ұстаз, аты әйгілі ақын-суфий. «Моулавие» сопылық мектебінің негізін қалаған. 2007 жылы ЮНЕСКО деңгейінде 800 жылдығы тойланды. Моулави, Моулана (ұстаз) деген атты Жалаладдин Румиге оның шәкірттері берген. Негізгі еңбегі: алты кітаптан тұратын «Маснави». Моулави Руми атақты Тәбриздік Шәмспен кездесуінен кейін қалдырған мұрасының бірі - "семаъ, жаратқанға жалбарынып Шәмсті жоқтап жүріп, ақырындап айналып басталатын, бірте-бірте үдете түсетін, соңынан бас айналып, талып түсетін жағдайға дейін шырқ айналып қозғалатын үрдіс, ол сырттай қарағанда шарқ ұрып айналған биге ұқсайды. Семаъ найсыз (қамыстан жасалатын сырнай) орындалмайды.
Түркияда 1924 жылы Ататүрік оған тыйым салғанымен, ол елуінші жылдардан бермен қарай қайтадан жаңғырды.
Тек дене рахатының соңынан қууға ұялыңыз. Жан рахаты қараңғыдағы жарқыраған күн іспетті сізді бақытты етер.
Жаңа нәрсеге қол жеткізгің келсе, пайдасыз ескі нәрселерден құтыл.
Біреудің қайғысының үстінен бақыт құру мүмкін емес.
Ақымақ дос ақылды дұшпаннан да қауіптірек екенін біліңіз.
Өз жаныңыздың бар мүмкіндіктерін бағалап, қадіріне жетуге тырысыңыздар.
Ғылымды сөз арқылы үйренсек, өнерді тәжірибе арқылы игереміз.
Кейбір нәрсе қарапайым адамға мыс болып көрінгенімен, қадіріне жететін адам оның алтын екендігін біледі.
Бұл әлем құдды тау сияқты. Біздің істеген істеріміз сол тау арасындағы айқайға ұқсайды. Ал содан шығатын жаңғырық біздің ісіміздің қайтарымы іспетті.
Ерік, жігерің мен күшің барда еңбек қыл. Сонда қазынаға тап боларсың. Адам баласының тәнінің хайуаннан айырмашылығы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |