Өнеркәсіпте суды дайындау. Фармацевтикалық мақсаттарға арналған суға қойылатын талаптарды атап көрсетіңіз


Химиялық талшықтар өндірісін сипаттаңыз. Талшықтардың медицинада қолданылуы туралы мәліметтер беріңіз



бет17/18
Дата21.03.2024
өлшемі46.51 Kb.
#496210
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
ОХТ СЕССИЯ РУМ 2 (копия)

2.Химиялық талшықтар өндірісін сипаттаңыз. Талшықтардың медицинада қолданылуы туралы мәліметтер беріңіз. Талшық–ұзын,жұқа және жіп секілді материал. Талшықтар майысқақ болғандықтан, оларды иірілген жіпке айналдырып, маталар жасауға болады. Барлық талшық түрлері шығу тегіне байланысты екі топқа бөлінеді – табиғи және химиялық. Табиғи талшықтар шығу тегіне байланысты өсімдік тектес, жануар тектес, минералды болады.Химиялық талшық, жасанды талшық — табиғи органикалық және синтездік полимерлерден алынатын талшықтар. Шикізатқа байланысты оның синтездік - синтездік полимерлерден және жасанды - табиғи полимерлерден жолмен алынатын түрлері болады. Жасанды химиялық талшыққа ацетат, вискоза, мыс-аммиакты талшық, штапель, т.б., ал синтездік химиялық талшыққа полиамид, полиэфир, полиакрилнитрил, полипропилен, т.б. көптеген талшықтар жатады. Химиялық талшық өнеркәсіпте моноталшық, штапель талшық, филамент жіптер түрінде шығарылады. Филамент жіптің қолдануына қарай тоқыма және техникалық немесе арқан сияқты түрлері шығарылады.1853 жылы ағылшын ғалымы Аудемарс шексіз жіңішке жіпті нитроцеллюлоза ерітіндісін спирттің эфирдегі қоспасына араластыру арқылы алу әдісін ұсынды. 1891 жылы француз инженері И. де Шардонне осындай жіпті өндірістік көлемде шығаруды алғаш ұйымдастырды. Химиялық талшық — берік, өзінің пішінін сақтайтын, ылғал, жарық әсеріне тұрақты зат. Химиялық талшыққа жаңа тоқыма бұйымдарын дайындау үшін табиғи талшық қосуға болады. Тоқыма өнімдері медицинада және санитарияда кеңінен қолданылады. Олардың ассортиментіне таңу материалдары мен сан алуан санитарлық-гигиеналық бұйымдар, медициналық зығыр, медициналық киімдер, ауруханаға керек-жарақтар, тігіс, аллопластикалық және басқа да хирургиялық материалдар, жасанды мүшелердің бөліктері мен медициналық бұйымдар және т.б. кіреді. Осы өнімдерді өндіруде химиялық талшықтар және жіптер. . Суда ерімейтін полимер негізі (целлюлоза және оның туындылары) жағдайында, медицинада көбірек қолданылатын микробқа қарсы, қан тоқтататын және басқа да әсерлері бар маталар, талшықтар және пленкалар алынады.Медициналық талшықтар қазіргі уақытта кең ассортиментте таралған. Медициналық талшықтарға келесілер жатады:-Антимикробты (бактерицидті);-Гемостатикалық;-Тігісті;-Анестезиялық;-Радиоактивті және қабынуға қарсы талшықтар.Медициналық талшықтарды алу үшін көбінесе полимерлер жарамды, өйткені олардың құрамында реакцияға қабілетті топтар болады. Мысалы целлюлоза немесе ПВС, олардың гидроксильді топтары жеңіл дәрілік препараттар немесе биологиялық активті атомдарға және топтарға байланыстырылады. Гидратцеллюлозды талшықтардың гидроксильді топтарының анықталған сандары СООН, топтарына дейін тотығып содан соң Аg немесе Нg тұздардың сулы ерітіндісімен өңделгеннен кейін бактерицидті болады. Медицинада көп қолданылатындар: Целлюлозаның боялған (сабындалған) ацеттатарынан алынған тігістік жіптер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет