Билет 19
1.Химиялық-технологиялық процестің материалдық және жылу балансын құру принциптерін келтіріңіз. Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін және бірбірімен өзара байланысқан процестердің жиынтығын – химиялық-технологиялық процесс (ХТП) деп атайды.Химиялық-технологиялық процесті ұйымдастыру сатылары:•процестің химиялық-технологиялық сызба-нұсқаларын жасау;•оптималды технологиялық параметрлерді таңдау және процестің технологиялық режимін анықтау;•аппараттардың конструкциясын және типтерін таңдау;•процестің әрбір сатысын бақылайтын және реттейтін параметрлерін анықтау. Материалдық баланс — белгілі бір түрдегі материалдық ресурстар көлемін және олардың қажеттіліктер мен тұтынушылар бойынша бөлінуін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. Материалдық баланс – масса сақталу заңына негізделген. технологиялық операцияға түсетін заттың массасы – кіріс операция нәтижесінде алынған барлық заттың массасына – шығыс Өзінің мақсаты бойынша өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарының өндірілуін‚ тұтынылуын және қорлануын бейнелейді. Әдетте екі бөліктен тұратын кесте түрінде құралады. Бірінде қолда бар ресурстар (кезеңнің басындағы босалқы қорлар‚ өндірілуі‚ импорты‚ ішкі мүмкіндіктердің жұмылдырылуы‚ т.б.)‚екіншісінде — олардың бөлінуі (өндірістік-пайдалану мұқтаждарына‚ күрделі құрылысқа‚ резервтердің толықтырылуына‚ экспортқа‚ рыноктық қорға‚ өзге де қажеттіліктерге‚ кезең аяғындағы босалқы қорға бөлінуі) бейнеленеді.Энергетикалық баланс - энергияның сақталу заңына негізделген. Соған сәйкес процеске енгізілген энергия мөлшері, бөлінетін энергияның мөлшеріне тең, яғни энергияның кірісі оның шығысына тең. ∑Qкіріс=∑QшығысЖылу балансының жалпы теңдеуі (Дж/с)Qж= Qе + Qсал + Qг + Qшж + Qм + Qқал, (92)мұндағы Qж – белгілі бір мерзімде қозғалтқыш ішіне енген отын қызуына тең жалпы жылу мөлшері ;Qе – қозғалтқыштың тиімді қуатына барабар жылу мөлшері;Qсал – салқындату жүйесіне берілетін жылу мөлшері;Qг – айналымнан шыққан газбен жоғалатын жылу мөлшері;Qшж – отынның шала жануынан жоғалатын жылу мөлшері;Qм – майлау жүйесіне берілетін жылу мөлшері;Qқал – жылу балансының өзге шығын түрлерін есепке алатын қалдық бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |