Онтуганова шынар шералиевна


ажыратуға көмектесетін ғылым



Pdf көрінісі
бет18/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   94
11.04.2023.disser

ажыратуға көмектесетін ғылым, ал ойлау дегеніміз - атауларды (ұғымдар) 
қосу немесе алу, көбейту немесе бөлу үдерісі» [13,б. 46] деп анықтама береді. 
Ғалым бұл анықтамасында бала бойындағы ұғымдарды (сөздерді) 
қалыптастыруда ойлаудың маңыздылығын ашады және де оқушы ойлау 
қабілетін дамыту мен ойлау белсенділігін жетілдіру үшін ақыл-ой қызметтерін 
меңгеру қажеттігі бар. 
Р.Декарт (1596-1650) ойлауды психикалық мәліметтерді пайдалану деп 
түсінді: «Мен ойлау деген сөзді біздің ішімізде болып жататын зат ретіндегі 
тікелей біздің қабылдайтындарымыздың барлығы деп түсінемін. Бірдеңе істеуге 
әрекеттену, ықылас білдіру, елестету, сезіну міне, осылардың барлығы да ойлау 
болып табылады», - деп тұжырымдайды. Ойлау үдерісіндегі Р.Декарттың «Мен 
ойлаймын, ендеше мен өмір сүремін» [14,б. 239] деген формуласы – адам 
өмірінде ойлаудың басты қызмет атқаратынын көрсетеді. Дүниедегі ең бағалы 
байлық – адам болғандықтан, оның дүниеге көзқарасы, танып-білу деңгейі қоғам 
дамуында және өзінің тұлға ретінде қалыптасуында негізгі орын алады. 
Адамның ақыл-ойы, дүниеге көзқарасы өзімен бірге тумайды, басқа адамдар 
арасында, өмір сүру барысында қалыптасады. Сондықтан да, ой мен тілді қажетті 
деңгейде қалыптастыру бастауыш мектеп қабырғасында басталып, ғылым 
дамуына сай жалғаса береді. Ғалымның бұл тұжырымынан адамның бар ынта-
ықыласы, өмір сүруге құштарлығы мен өмір сүрудегі іс-әрекетінің барлығында 
ойлау үдерісі арқылы жүзеге асырылады. 
Осы тұрғыда логика мен ойлауға арнайы еңбек жазған француз ойшылдары 
П.Николь (1625-1695) және А.Арно (1612-1694) өздерінің «Логика немесе ойлау 
өнері» (1662) атты еңбегінде «...дұрыс және нақты ойлау тек ғалымдарға ғана 
емес, кез келген адамға да керек, себебі ол ақиқатты жалғандықтан айыра білуге 


24 
көмектеседі [16,б. 268]» - деп тұжырымдайды. Бұл пікір «адам ойлауының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет