Онтуганова шынар шералиевна



Pdf көрінісі
бет15/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   94
11.04.2023.disser

елестету (сурет 2). 


21 
Сурет 2 – Сезімдік таным формалары 
Сезімдік танымның бұл үш формасы нәрселердің сыртқы бейнесін 
сипаттауға бейім келеді. Білім беруде мұнымен шектелуге болмайды. Білімнің 
дамуы осы деңгейде алынған білім мазмұнының ішіндегі нақты бейнелерді 
жалпылап, нәрселердің ішкі қасиеттерін, мәнін танып-білуге, табиғат пен қоғам 
заңдарын ашып сипаттауға байланысты болады. Ондай білім дерексіз ойлау 
негізінде жүзеге асырылады. Дерексіздік ойлау сезімдік танымнан жоғары 
тұрады, бұл деңгейде біртектес заттар мен құбылыстарға тән нақты, кездейсоқ 
белгілерді назардан тыс қалдыра отырып, ол белгілердің барлығына тән жалпы 
да мәнді белгілерді анықтау үдерісі жүреді. Сезімдік таным деңгейінде алынған 
білім мазмұнындағы заттың белгілері сол белгілер расындағы байланыстар мен 
тәуелділіктерді тануға мүмкіндік бере алмайды. Ондай мүмкіндік дерексіздік 
ойлау деңгейінде ғана болады. 
Адам дүниені өмір бойы танып-білумен айналысатыны анық. 
Дүниетанымның қайнар көзі – сезім, түйсік деп есептелінгенімен Гераклит 
Эффесский (б.д.д. шамамен 540-480) ақыл-ойды сезімнен жоғары қояды. Себебі, 
адамгершілік ақыл-ойдан туындайды деп есептейді [9,б. 93]. Жеке адамның 
дамуы «ақылдан» басталады деген тұжырым жасаған, грек философы Гераклит. 
Оның пікірінше, адам табиғатты сезім мүшелері арқылы танып-біледі, бірақ 
оның «жаны» (танымның логикалық сатысы – ақыл-ой) болмаса, онда табиғат 
туралы біздің біліміміз толық болмайды деп есептейді.
Ал Элея мектебінің өкілі, грек философы Парменид (б.д.д. шамамен 540-
480) болмыс пен бейболмыстың және болмыс пен ақыл-ойдың арақатынасын 
қарастыра келе, бұл екі мәселенің екеуін де тек ақыл-ой арқылы шешуге болады 
деп есептеді. Сезімнің мүмкіншілігіне күмәнданып, ой мен болжауға жоғары 
баға берді. Бұл пікірлерді талдау бізге: «ақыл-ойды дамыту тұлғаның өрістей 
түсуіне кең мүмкіндіктер жасайды» деген тұжырым жасауға негіз болды.
Адамзат тарихындағы зерделік мәселесінің ғылыми ойға ұласуы үздіксіз 
дамуды көрсетеді. «Өзін танудың» немесе «жан қуаты» жайлы ойлардың 
қалыптасуына түрткі болған, адамтану ілімінің алғашқы қадамын бір жүйеге 
түсірген, логикалық ілімі адамда дұрыс ойлау мен пайымдау қабілетін 
• Материалдық 
дүниедегі заттар мен 
нәрселердің сыртқы 
көрінісі, түсі, дәмі, 
түрі сияқты жеке-дара 
нақты белгілері мен 
қасиеттерін 
бейнелендіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет