Операциялық жүйе түсінігі. Операциялық жүйенің түрлері. Құрылымы мен принциптері



бет1/7
Дата13.09.2023
өлшемі4.71 Mb.
#477414
  1   2   3   4   5   6   7

Ақпараттық технология және қауіпсіздік кафедрасы

Операциялық жүйелер


«Ақпаратты қорғау негіздері» пәні
бойынша “Информатика” мамандығы үшін
Орындаған: аға оқытушы Кулбаева Л.Н.

ЖОСПАР:

  • Операциялық жүйе дегеніміз не?
  • Негізгі міндеттері қандай?
  • Операциялық жүйе жіктелуі.
  • Операциялық жүйе түрлері.

Операциялық жүйе (ОЖ) – есептеу жүйесінің барлық ресурстарын нəтижелі қолдануға жəне онымен жұмыс істеу ылғайлы жасалған жүйелік жəне басқару бағдарламаларының жиыны. Мұндағы ресурс дегеніміз ЭЕМ-нің кез-келген логикалық немесе физикалық компоненті , ұсынатын мүмкіндіктері. Негізгі ресурстарға процессорлық уақыт, жад жəне енгізу-шығару құрылғылары жатады.

Операциялық жүйенің функциялары жəне міндеттері.

  • Команда мен тапсырманы қабылдау, оларды өңдеу;

  • 2) Басқа программаларды тоқтату, программалық сұранысты орындауға жіберу жəне қабылдау;
    3) Программаның орындауын жедел жадыға жүктеу;
    4) Файлдық жүйенің жұмысын қамтамасыз ету;
    5) Мультипрограммалау режимін енгізу(бір процессорда бірнеше программаның орындалуы).
    6) Енгізу-шығару операциясын басқару.
    7) Виртуалды жадты ұйымдастыру жəне жадыны бөлу.
    8) Жоспарлау жəне диспечерлеу есебін сəйкесінше берілген тəртіпте қамтамасыз ету.
    90) Есептеу жүйесінің тосқауылдан кейінгі жұмысын қайта қалпына келтіру.

Дербес компьютерлердегі операциялық жүйе бірнеше параметрлер бойынша жіктеледі.


Бір қолданушы және көп қолданушылы (жүйемен бір мезгілде жұмыс жасайтын қолданушылар саны);
Бір есепті және көп есепті (ОЖ көмегімен кез-келген уакытта шешіліп шығарыла тын есептер саны);
ОЖ-мен қолданушының байланыс түрі (командалар түріндегі диалог, меню тіліндегі диалог, графикалық көріністер түрінде диалог орнату);
Адрестік шинаның разрядтарының саны
ОЖ-лер компьютермен бірге дамып, жылдан-жылға қолдануға қолайлы болып жетіліп келеді. Оның орта ғасырлық болса да тарихы бар. Енді осы тарихи деректерге тоқталып өтелік.
1965-1975 Алғашқы операциялық жүйелердің қалыптасып, даму кезеңі. Бұл кез жаңа буын компьютерлерінің пайда болған уақыты еді. Сонымен қатар мини-компьютерлер кең таралды. Мультипрограммалық, көп мақсатты, файлдар жүйесімен тиімді жұмыс жасайтын ОЖ қажет болды. Алғашқы ОЖ-дің бірі OЖ UNIX болды.
1981-1985 Microsoft фирмасы - MS DOS, IBM фирмасы - PC DOS, Novell фирмасы - Novell DOS операциялық жүйелерін шығарды және әр жыл сайын мүмкіндіктері толықтырылған жаңа версиялар 1.0; MS DOS 1.1; MS DOS 2.0...MS DOS 3.1; т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет