Операциялық жүйе түсінігі. Операциялық жүйенің түрлері. Құрылымы мен принциптері



бет3/7
Дата13.09.2023
өлшемі4.71 Mb.
#477414
1   2   3   4   5   6   7
Windows 98 (кодтаулы аты Memphis) — Microsoft корпорациясының 1998 жылдың 25 маусымында жарыққа шыққан компьютерлерге арналған графикалық операциялық жүйесі. Бұл жүйе Windows 95 жаңалатынған түрі болып саналады. MS-DOS 7.1 негізінде жасалған гибридтелген 16/32-разрядты өнім. Дамытылған AGP жүйесін қолдауы, толығымен жасалған USB драйверлері, WebTV мен бірнеше мониторлармен бірдей жұмыс жасай алатын жаңа өнім болып келді. Windows 95 OSR 2.5-тегі дей Internet Explorer 4 интерфейсі сақталған. Windows 98 арналған жүйелік қажеттіліктері: жүйені қондыруға керек ті процессор 486DX/66 MHz немесе одан да мықтырақ, 16 Мб ОЗУ және қатты дискті қосымшф 195 Мб бос орын қажет етеді.
2000 жылы Windows 2000 және Windows Me (Millennium Edition – редактор тысячелетия) пайда болды. Windows 2000 жүйесі Windows NT жүйесінің негізінде жазылды. Ал Windows Me Windows 98 жүйесінің жалғасы болды, бірақ көптеген жаңа мүмкіндіктерді қамтыды. Соның ішінде мультимедиалық құралдармен жұмыс істеу жақсы дамытылды. Windows Me көмегімен кез-келген қолданушы үш-төрт компьютер негізінде файлдарды, папкаларды принтерді ортақ пайдалану үшін жергілікті желі жасай алады. Ең жаңа компонент жүйенің видеофильмдер редакторы болды. Бұл программа көмегімен фильмдерді монтаж жасауға болады. Цифрлық фотокамералар мен сканерлермен жұмыс жасау жеңілдеді. Мұнда фотоларды компьютер жадына енгізу үшін қосымша программалар қажет емес. Кең танымал МР 3 форматты дыбыстық файлдарды қолданушы өзі құра алатын болды. Жүйенің қауіпсіздігі мен қорғанысы да жақсартылды. Plug end Play технологиясының жақсартылуы компьютерге әртүрлі тұрмыстық приборларды жеңіл қосуға мүмкіндік берді.
  • Microsoft Windows XP Home Edition үйдегі жұмыс жасайтын жеке қолданушыларға арналған.
  • Microsoft Windows XP Professional, аты айтып тұрғандай профессионалдарға арналған жүйе. Бұл версия мекемелерде көп қолданылады.

2001 жылы Windows XP пайда болды. Ол Windows NT мен Windows 2000-ның қауіпсіздік жүйесі мен сенімділігін Windows Me-нің қолайлылығын біріктірді. Сондықтан да бұл жүйе қауіпсіз, сенімді және жылдам жұмысты қамтамасыз етті, сонымен бірге ол үйренуге қарапайым болды, әрі жеке үйдегі қолданушыларға арналған көптеген құралдар пайда болды.
Әртүрлі салада, бағытта қолдануға арналып, Windows XP жүйесінің көптеген варианттары шықты.
Windows Vista – Microsoft корпорациясының Windows NT отбасындағы,компьютерлергe арналған операциялық жүйесі. Ол жасалу кезінде «Longhorn» деген кодтаулы атымен аталды. Windows Vista басқару жүйесi 2007 жылда нарықта пайда болды, бiрақ күтудi ақтамады. 2009 жылды қазанда нарықтың 18 пайызын құрды.

Артықшылықтары:
  • Windows XP-ге қарағанда, жүйенің жүктелу уақыты аз;
  • Вирустардың аз түсу ықтималдылығы;
  • Жылдам іздеу тәсілі;
  • Пайдаланушыға виджеттерді орналастыруға арналған мөлдір панельдің болуы;
  • дискіге тікелей жазуды тыйым салынады;
  • Шпиондық бағдарламалармен күресуге арналған бағдарламасының болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет