Opындaғaн: Әуелжан м мамандығы: география-тарих Тeкcepгeн


Қазақстан тауларындағы қазіргі мұз басудың таралуы



бет2/3
Дата10.03.2023
өлшемі92.87 Kb.
#470607
1   2   3
8тап каз физ геог

Қазақстан тауларындағы қазіргі мұз басудың таралуы

Таулы аймақтар

Мұздықтардың саны

Мұздықтардың ауданы, км²

Мұздықтардың көлемі, км³

Қазақстандық Алтай
Сауыр
Жоңғар Алатауы
Теріскей Алатауы
Күнгей Алатауы
Іле Алатауы
Қырғыз Алатауы
Талас Алатауы
Барлығы



328
18
1369
169
163
393
34
250
2724





72,3
14,8
813,9
137,8
126,4
422,7
9,5
76,5
1673,9



1,6
0,5
35,4
4,5
4,0
16,7
0,3
1,0
64,0

Таулардың абсолюттік биіктігі, олардың тілімделуі, күн радиациясының әркелкі таралуы және беткейлердің ылдилығы мұздықтардың морфологиялық белгілерін анықтайды, яғни Қазақстан тауларындағы мұздықтар 3 топқа бөлінеді: 1) аңғарлық мұздықтар, олар жалпы мұздықтар санының 19%, ауданының 66% алады; 2) тау беткейлерінің мұздықтары - 79% және 33%, 3) биікке көтерілген ежелгі денудациялық беткейлердің мұздықтары 2% және 1%.


Қазақстандағы ең ірі мұздық Корженевский аңғарлық мұздығы, ол Іле Алатауының Талғар жотасының (4973м) оңтүстік беткейінде орналасқан, ұзындығы 12км, ауданы 35км², ең қалың қабаты 200метрге жетеді. Сол сияқты Іле Алатауының негізгі мұздықты аудандары солтүстік беткейдегі Есік, Талғар, Үлкен және Кіші Алматы, Тургень денудациялық бассейнінде орналасқан, олардың жалпы саны 194, ал жалпы ауданы 297 км². Ал Қазақстандық Алтай тауларында жалпы ауданы 207 км² болатын 300-ден астам мұздық бар.
Мұздықтардың қоректенуі мен температуралық режимдеріне байланысты
Абляция процестері жүреді. Абляция дегеніміз климаттық жағдайларға байланысты еру, булану және сыну нәтижесінде мұздықтар көлемінің кішіреюі. Соңғы 70-80 жыл ішінде Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Алтай тауларындағы мұздықтар жылына 20-30 метрге дейін еріп, көлемдері қысқаруда.
Абляция кезеңі мұздықтарда әдетте 2-2,5 айға, яғни шілдеден қыркүйекке дейін созылады. Тілдері төмен түскен мұздықтар жаздыгүні 3м, кейде 5-6м қабаттары ериді. Жаздыгүні мұздықтарға келіп түскен жылудың 22% жоғарғы қабаттарын қыздыруға жұмсалса, 78% мұздықтарды ерітуге және булануға кетеді.
Қазіргі кезде қоршаған ортаға антропогендік әрекеттердің таулы аудандардағы климаттың жылынуы және атмосферада көмірқышқыл газының көбеюінен мұздықтардың деградациялық (бұзылу) процесі жиілей түсуде. Осыған байланысты ғалымдардың алдын ала болжауы бойынша XXI ғасырдың ортасында Қазақстандағы қазіргі мұз басу екі есе қысқарып, ғасыр соңында түгелімен жойылады деп күтіледі, яғни құрлықты су басу қаупі төніп тұр.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет